ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0054

Кілт сөздер:

Титрлеу, quizizz, жобалап оқыту, мультимедиялық технология, инновациялық білім беру

Аңдатпа

  Мақалада химия пәнін оқытуда қышқыл-негіздік титрлеудің зертханалық жұмысын қолдану ерекшеліктері мен маңызы көрсетілген. Сабақ барысында көптеген оқытудың жаңа технологиялары пайдаланылды. Жұмыстың басты мақсаты тиімді әдістерді қарастыра отырып, зерттеу әдістерінің бірі титрлеу тәсілдерін зертханалық сабақ ретінде қолданысқа енгізу. Жобалау әдісі арқылы сабақ өту мазмұны ұйымдастырылып, талдау жұмыстары жүргізілді және білімалушылардың жаңа материалды игеру сапасы анықталды. Жұмыс барысында қышқыл-негіздік титрлеу әдісімен сабақты жүргізу тиімді екені және химиялық үрдістер жүруі реакция теңдеулерімен көрсетіліп отырды. Оқушылардың жаңа материалды меңгергені “Quizizz” бағдарламасы арқылы тест түрінде сараланды. Зерттеу нәтижелері оқушылардың білім деңгейін жоғарылатып қана қоймай, эксперимент жүргізу кезінде, кез келген уақытта жекелей жұмыс істеу іскерліктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұл жұмыста білімалушы шығармашылық жұмыс жасай алу мүмкіндігін алды, экспериментті жеке орындап, нәтижелерді қорытындылауға дағдыланды. Білімалушылардың нақты нәтижеге жетіп, жүргізген есептеулері мен қойылған сұрақтарға жауап беріп, жұмысты қорғағандығы көрсетілді. Білім алушыларға титрлеудің келесі тәсілдерін талдап, ғылыми жобалар дайындауға және ол әдістерді қолдану аймақтарын ұсынуға тапсырмалар берілді. Осы сабақты ұйымдастыру және жүргізу арқылы оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, ойлау қабілеті мен бейімділіктерін қалыптастыруға, тақырыпты меңгеруіне толығымен мүмкіндік берілді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ. (2022). ILIM, 32(2), 14-24. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0054