Редакциялық саясат

Журнал туралы

«ILIM» журналы – Қазақстан және өзге елдердегі білім берудің барлық дейңгейіндегі оқыту әдістемесін, білім берудің замануи тенденциялары мен жаңа парадигмаларын, оқу мен оқыту процесін бақылауды, білім берудегі өлшеу мен бағалауды, білім беруді ұйымдастыру мен басқаруды және т.с.с. педагогика ғылымы бағытындағы зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялайтын және рецензияланатын ашық қолжетімді халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал.
ISSN: 3078-8285 (Print), 3078-8293 (Online)
Журналдың сайты: https://ilim.okmpu.kz
Мерзімділігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)
Журнал қазақ, ағылшын, түрік, орыс тілдерінде мақала қабылдайды. Материалдар Open Journal System платформасына негізделген https://ilim.okmpu.kz сайты, яғни автордың онда ашылған жеке профилі арқылы қабылданады.
Журнал 2020 жылдан бері CROSSREF халықаралық агенттігінің мүшесі, әрбір мақалаға doi (сандық нысан идентификаторы) нөмірі тағайындайды. DOI префиксі: 10.47751. Сонымен қатар, басылым Google Scholar-да индекстеледі.
Журнал алғаш рет 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «ОҚМПИ ХАБАРШЫСЫ – ВЕСТНИК ЮКГПИ» деген атаумен құрылған. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде тіркеліп, №14373-ж (6.06.2014 ж.) куәлігі берілген. Университет атауының өзгеруіне байланысты «ОҚМПУ хабаршысы – Вестник ЮКГПУ» болып өзгеріп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы 15.03.2018 ж. №16979-Ж куәлігі берілді. Журнал 17.05.2024 ж. күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне қайта есепке қойылып, №KZ55VPY00092838 нөмірлі куәлігі берілген.
Шығарушы (меншік иесі): «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ

 

Жариялау этикасы

ILIM журналы материалдарды жариялау этикасында Committee on Publication Ethics (COPE), Directory of Open Access Journals (DOAJ) және Open Access Scholarly Publishers Association (OASPA) сынды ұйымдар жариялаған этикалық баспа шарттарын ұстанады.

Журналдың бағыттары мен саясаты

«ILIM» ғылыми журналы – педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің нәтижесін жариялайтын басылым. ҚР Білім және ғылым министрінің «Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы» 2021 жылғы 05 тамызындағы №386 бұйрығында көрсетілген «50300 – Білім», оның ішінде: «50301 – Білім беру саласындағы зерттеулер», «50302 – Ғылыми пәндер бойынша зерттеулер» және «50303 – Арнайы білім» ғылыми бағыттарын қамтиды. Сондай-ақ, білім берудің мынадай деңгейлері мен бағыттарын қарастырады:
– Бастауышта оқыту,
– Орта білім беру,
– Техникалық және кәсіптік білім беру,
– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру,
– Оқу мен оқыту процесін бақылау,
– Білім беруді өлшеу мен бағалау,
– Білім беруді ұйымдастыру мен басқару.


Материалдарды қарау және жариялау тәртібі

«ILIM» ғылыми басылымының редакциясына түскен барлық қолжазба міндетті түрде анонимді (екі жақты құпия) рецензиялаудан өтеді. Рецензиялау тәртібі мынадай кезеңнен өтеді:
– Тексерудің алғашқы кезеңінде қолжазбаның журналдың ғылыми бағыты мен техникалық талабына сәйкестігі қаралады. Сай келетін материалдар Antiplagiat лицензиялық бағдарламасында тексеріледі. Түпнұсқалығы кемінде 80% болатын қолжазбалар тексерудің келесі кезеңіне ұсынылады.
– Екінші кезеңде анонимді (екі жақты құпия) рецензиялау әдісі қолданылады. Яғни, рецензентке мақала авторы туралы, мақала авторына да рецензенттер туралы мәлімет берілмейді. Әрбір қолжазба үшін сол тақырыпты жетік білетін 2 рецензент тағайындалады. Егер рецензенттің бірі «оң», екіншісі «теріс» қорытынды берсе, онда мақала үшінші рецензенттің қарауына жіберіледі. Екі рецензенттен «оң» қорытынды алған материалдар үшін «жариялауға» деген шешім қабылданады. Бұл кезеңде «оң» қорытынды алған, бірақ рецензенттер ескерту берген, түзетуді талап еткен мақалалар авторға жолданады және автордың түзетуінен кейін келесі кезеңге өтеді.
– Үшінші кезеңде материалдар әдеби редактордың тексеруінен өтеді.
– Тексерудің төртінші, яғни соңғы кезеңінде мақалалар редакция алқасының талқысына ұсынылады. Талқылауда анонимді (екі жақты құпия) рецензиялау әдісі қолданылады. Сондай-ақ, жиын онлайн немесе офлайн форматта жүргізіледі. Редакция алқасы мақұлдаған мақалалар кезегіне сәйкес және рецензиялау-түзету процесінің аяқталуына сай журналдың кезекті санына жарияланады.
Рецензиялаудың барлық кезеңінен өткен материалдар журналдың кезекті санында жарық көреді. Әрбір мақала үшін doi нөмірі беріліп, журналдың https://ilim.okmpu.kz ресми сайтында жарияланады.

 

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

1. Мәтін көлемі А4 форматында 3000-4000 сөз (әдебиеттер тізімін қоспағанда), WORD  редакторында Times New Roman шрифтімен жазылуы тиіс.
2. Әдебиеттерге жасалған сілтемелер Chicago Manual стилінде (Қошқаров 2020: 35) көрсетіледі.
3. Математикалық формулалар Microsoft Equation (әр формула – бір объект) бойынша теріледі. Сілтемесі бар формулалар ғана нөмірленеді.
4. Мақала мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығына авторлардың (3-тен көп емес) өздері жауап береді.
5. Редакция мақаланы өңдеумен айналыспайды. Талапқа сәйкес рәсімделмеген мақалалар қабылданбайды.
6. Мақала https://ilim.okmpu.kz сайты арқылы қабылданады.


МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. ҒТАХР (МРНТИ) сол жақтағы жоғары бұрышта 12 шрифтімен жазылады.
2. Мақала аты бас әріптермен қалың 12 шрифтпен ортаға жазылады.
3. Одан төмен 1 жол қалдырылып, автор(лар)дың толық аты-жөні қалың бас әріптермен 12 шрифтімен беріледі.
4. Одан төмен автордың ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны, қаласы/елі, эл. поштасы, orcid нөмірі жазылады.
5. Бұдан соң 1 жол қалдырылып, мақала жазылған тілде қысқаша аңдатпа (150-200 сөз) мен кілт сөздер (4-6 сөз) курсивпен 10 шрифтімен беріледі.
6. Мақаланың мәтіндік бөлігі 12 шрифтімен жазылуы және онда Кіріспе, Әдебиеттерге шолу, Материалдар мен зерттеу әдісі (Эксперимент), Нәтиже мен талдау және Қорытынды бөлімдері болуы керек.
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12 шрифтімен Chicago Manual стиліне сай альфавиттік ретпен беріледі. Мысалы:
Кәкішұлы Т. (2002). Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы: Қазақ университеті. 235 б.
8. References. Пайдаланған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы латын графикасымен беріледі. Мысалы:
Kakishuly T. (2002). Kazak adebiyetinin kiskasha tarihi [Brief history of Kazakh literature]. Almaty: Kazak University. Pp. 235.
9. Бұдан соң екі тілде (қазақ тіліндегі мақала үшін орыс және ағылшын тілінде, орыс тіліндегі мақала үшін қазақ және ағылшын тілінде, ағылшын тіліндегі мақала үшін қазақ және орыс тілінде) авторлардың толық аты-жөні (бас әріптермен, курсивпен, 10 шрифтімен), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны, қаласы және мақаланың атауы (10 шрифтімен), 1 жол тастап аннотация/abstract (150-200 сөз), одан төмен ключевые слова/ keywords (5 сөз) беріледі.

 

«ILIM» – ашық қолжетімділік саясатын ұстанатын ғылыми журнал. Басылымның ең алғаш ашылған 2014 жылдан бергі барлық жарияланымдары журналдың https://ilim.okmpu.kz/index.php/bulletin/issue/archive авхив бөліміне орналастырылған. Бұл әрбір автордың журналда жарық көрген мақаласын өзге зерттеуші-ғалымдардың іздеп табуына және оған сілтеме жасауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеу материалдарының ғылыми ортада кеңінен таралуы мен оқырман қауымның көбеюіне оң әсерін тигізеді.
«ILIM» ғылыми журналының редакциялық алқасы авторлардың жарияланған материалдарын өзге деректер қорында орналастыруына кедергі жасамайды. Өзге дерек қорлармен жасалған өзара байланыс журналда жарияланған материалдардың ғылыми ортада кеңірек тарауы мен көбірек оқылуына, әріптестердің бір-бірімен пікір алмасуына және ғылыми көзқарастың жетіліп, ғылымның дамуына жол ашады.

Журналды мұрағаттау:
Журнал 2020 жылдан бері CROSSREF халықаралық агенттігінің мүшесі, әрбір мақалаға doi (сандық нысан идентификаторы) нөмірі тағайындайды. DOI префиксі: 10.47751.
Журналдың баспа нұсқалары Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің кітапханаларына жіберілсе, электронды нұсқалары журналдың ресми сайты (https://ilim.okmpu.kz) мен Google Scholar іздеу жүйесінде орналастырылады.