Материалдарды қарау және жариялау тәртібі

«ILIM» ғылыми басылымының редакциясына түскен барлық қолжазба міндетті түрде анонимді (екі жақты құпия) рецензиялаудан өтеді. Рецензиялау тәртібі мынадай кезеңнен өтеді:

– Тексерудің алғашқы кезеңінде қолжазбаның журналдың ғылыми бағыты мен техникалық талабына сәйкестігі қаралады. Сай келетін материалдар Antiplagiat лицензиялық бағдарламасында тексеріледі. Түпнұсқалығы кемінде 80% болатын қолжазбалар тексерудің келесі кезеңіне ұсынылады.

– Екінші кезеңде анонимді (екі жақты құпия) рецензиялау әдісі қолданылады. Әрбір қолжазба үшін сол тақырыпты жетік білетін 2 рецензент тағайындалады. Егер рецензенттің бірі «оң», екіншісі «теріс» қорытынды берсе, онда мақала үшінші рецензенттің қарауына жіберіледі. Екі рецензенттен «оң» қорытынды алған материалдар үшін «жариялауға» деген шешім қабылданады. Бұл кезеңде «оң» қорытынды алған, бірақ рецензенттер ескерту берген, түзетуді талап еткен мақалалар авторға жолданады және автордың түзетуінен кейін келесі кезеңге өтеді.

– Үшінші кезеңде материалдар әдеби редактордың тексеруінен өтеді.

– Тексерудің төртінші, яғни соңғы кезеңінде мақалалар редакция алқасының талқысына ұсынылады. Талқылауда анонимді (екі жақты құпия) рецензиялау әдісі қолданылады. Сондай-ақ, жиын онлайн немесе офлайн форматта жүргізіледі. Редакция алқасы мақұлдаған мақалалар кезегіне сәйкес және рецензиялау-түзету процесінің аяқталуына сай журналдың кезекті санына жарияланады.

Рецензиялаудың барлық кезеңінен өткен материалдар журналдың кезекті санында жарық көреді. Әрбір мақала үшін doi нөмірі беріліп, журналдың https://ilim.okmpu.kz ресми сайтында жарияланады.