Мұрағаттау және сақтау

«ILIM» – ашық қолжетімділік саясатын ұстанатын ғылыми журнал. Басылымның ең алғаш ашылған 2014 жылдан бергі барлық жарияланымдары журналдың https://ilim.okmpu.kz/index.php/bulletin/issue/archive авхив бөліміне орналастырылған. Бұл әрбір автордың журналда жарық көрген мақаласын өзге зерттеуші-ғалымдардың іздеп табуына және оған сілтеме жасауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеу материалдарының ғылыми ортада кеңінен таралуы мен оқырман қауымның көбеюіне оң әсерін тигізеді.

«ILIM» ғылыми журналының редакциялық алқасы авторлардың жарияланған материалдарын өзге деректер қорында орналастыруына кедергі жасамайды. Өзге дерек қорлармен жасалған өзара байланыс журналда жарияланған материалдардың ғылыми ортада кеңірек тарауы мен көбірек оқылуына, әріптестердің бір-бірімен пікір алмасуына және ғылыми көзқарастың жетіліп, ғылымның дамуына жол ашады.

Журналды мұрағаттау:

Журнал 2020 жылдан бері CROSSREF халықаралық агенттігінің мүшесі, әрбір мақалаға doi (сандық нысан идентификаторы) нөмірі тағайындайды. DOI префиксі: 10.47751.

Журналдың баспа нұсқалары Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің кітапханаларына жіберілсе, электронды нұсқалары журналдың ресми сайты (https://ilim.okmpu.kz) мен Google Scholar іздеу жүйесінде орналастырылады.