Кәсіби құзіреттілігі жоғары химия биология мамандарын жетілдіру шеңберінде әлеуметтік педагогикалық құзіреттілікті жандандыру
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0040Кілт сөздер:
oқыту пpoцeci, пcихoлoгия, дидaктикa, ғылыми тeхникaлық үдеріс, кәсіби құзыреттілік.Аңдатпа
Мақалада қаралатын мәселелер атқаратын кәсіптік қызметтерінің мәдениетін біздер келешек мамандық иелерінің жеке тұлғасының интегралды сапасы ретінде қалыптастырылады, соның ішінде келешектегі химия-биология мұғалімі қызметтерінде кәсіби мәдениеттің мәнісін,болмысын, нормалық стандарттарын саналы түрде қарқындатуға әсер ететін әсерберуші- құндылық, дағды-танымдық, белсенді болу және эмоционалды компоненттерін бойларына дарыту болып есептелетіндігі баяндалған..Білім алушыларға кәсіби құндылықтарды,жүйелі ұйымдастыру тәсілі ретінде олардың өздігінен оқып үйренуді, өзін-өзі дамыта білу, өзін-өзі жетілдіріп е бағдарлама негізінде дайындалған білімдерді, біліктілікті, тәжірибелерді, құндылықтар және де аспап-құралдарды толық оқып үйренуді сараптай алатын кәсіби қызметтердің барысы. Химия-биология мұғалімдерінің атқаратын кәсіби қызметтерінің мәдениетін, біздің болжамымыз негізінде, келешек мамандық иелерінің кәсіби-құзыреттілік стандартына сәйкес дамыта отырып жоғары деңгейде көрсетуге болады деп есептей аламыз. Әлеуметтік-психологиялық жәрдем беру жұмыстары түзету және дамыту қызметтерінің сан қилы әдістерінің топтамасы ғана емес,кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру мәселелерін шешуде білім алушыларды қолдап көмек берудің күрделі технологиясы мен айрықша мәдениеті ретінде жүзеге асырылады.Болашақ мамандық иесінің кәсіби құзыреттіліктерін жүйелендірудің әлеуметтік-психологиялық көмегі көп деңгейлі сонымен бірге өзара әрекеттесу факторлары болып саналады. Ол қызметтердің атқаратын негізгі функциясы оқу-білім беру қызметтерінің субъектісінің жекелей маңызды қажеттіліктерінің жиынтығы болып келеді, Жоғарыдағы айтылған мәселелер оның өзін-өзі жүзеге асыруын анықтайды.