Финдік білім беру жүйесі арқылы физиканы заманауи оқытудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

STEM технологиясы, Қазақстандағы білім беру жүйесі, Финляндиядағы білім беру жүйесі, STEM орталықтар, физиканы заманауи оқыту

Аңдатпа

Бүгінде білім беру мазмұнын жаңарту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың тиімді жолдарын анықтау өзекті болып отыр. STEM білім беру – оқушылардың ғылыми сауаттылығын, сыни ойлауын, зерттеушілік және практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық оқыту моделі. Финляндияда бұл модель ұлттық LUMA орталықтары арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қазақстанда STEM білімін енгізу белсенді жүріп жатса да, оны тиімді түрде оқу процесіне кіріктіру үшін нақты жоспарлау мен әдістемелік тұжырымдама қажет. Зерттеудің мақсаты – Финляндия мен Қазақстандағы STEM-білім беру тәжірибелерін салыстыра отырып, физика пәнін оқытуда бұл тәсілдің тиімділігін бағалау. Сондықтан бұл мақалада физика пәнін STEM тәсілі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады және финдік білім беру жүйесінің тәжірибесін Қазақстан жағдайына бейімдеу мүмкіндіктері сараланады. Зерттеуде салыстырмалы талдау, эмпирикалық мәліметтерді талдау және отандық тәжірибелерді жүйелеу қолданылды. Зерттеу нәтижелері финдік модельдің құрылымдық және ұйымдастырушылық элементтері Қазақстан жағдайына бейімдеуге тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, отандық STEM орталықтарының инфрақұрылымдық және әдістемелік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындысы ретінде STEM білім беру тәсілін физика пәніне енгізу – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін перспективалы бағыт екені негізделеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2025-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Финдік білім беру жүйесі арқылы физиканы заманауи оқытудың ерекшеліктері. (2025). ILIM, 44(2), 31-56. https://doi.org/10.47751/