Ағылшын тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының зияткерлігін дамыту мәселелері

Авторлар

  • Гаухар Кутыбаевна Сахипова Актюбинский региональный университет им. К. Жубанова Автор
  • Улбосын Жусиповна Туякова Автор
  • Макпал Кожагалиевна Жазыкова Автор

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

интеллектуалды даму, бастауыш сынып оқушылары, мұғалімнің кәсіби дайындығы, оқыту стратегиялары, тілдік контекст

Аңдатпа

Мақала ағылшын тілін үйренуде бастауыш сынып оқушыларын интеллектуалды дамыту мәселесіне арналған. Авторлар ағылшын тілі ресурсының объективті және субъективті құрамдас бөлігінің бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды дамуына әсерін талдайды, жұмыс барысында авторлар жетекші педагогтар мен психологтардың тілдік құрылымдарға негізделген ақыл-ой қызметінің ролі туралы жұмыстарын зерттеген, Қазақстан жағдайында ағылшын тілін бастауыш буынның білім беру үдерісіне ықпалдастырудың әсерін бағалауға тырысқан. Жұмыста білім беру сапасын арттыруға және білім алушылардың сыни ойлауы және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында білім беруді реформалау контекстіндегі тақырыптың өзектілігі атап көрсетілген [1]. ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес келетін интерактивті және когнитивті-бағдарланған әдістерді қоса алғанда, бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды өсуіне ықпал ететін әдістемелік қолдауға ерекше назар аударылады. Жұмыста әртүрлі әдістер қолданылады, соның ішінде әдебиеттерді талдау, ағылшын тілі мұғалімдерінің тәжірибесін зерттеу, эксперимент жүргізу және нәтижелерді жалпылау сияқты әдістерді атап айтуға болады. Жұмысты қорытындылай келе, авторлар ағылшын тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларын интеллектуалды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен шығармашылық әлеуетін ескере отырып, олардың танымдық мотивтерінің өсуімен қамтамасыз етілетінін атап өтеді. Қорытындылар мен ұсыныстар ағылшын тілі сабақтарында тиімді оқыту стратегияларын әзірлеуге маңызды үлес қосады, бұл тек тілді ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды дамуына ықпал етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2024-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ағылшын тілін оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының зияткерлігін дамыту мәселелері. (2024). ILIM, 42(4). https://doi.org/10.47751/