Биология мұғалімдерінің СLIL технологиясын кәсіби қызметте пайдалануға дайындығын қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v40i2.5Кілт сөздер:
CLIL, әдістер, ағылшын тілі, сабақ, құзіреттер, интеграцияАңдатпа
Қазіргі уақытта әлемнің барлық мемлекеттері халықаралық тілді, оның ішінде ағылшын тілін меңгеруді маңызды деп санайды. Болашақ мамандары да әлемдік өркениеттен алыс болмас үшін бізге бірнеше тілді меңгеруі керек. Бұл қазіргі заман талабынан туындайтын қажеттілік. Зерттеудің мақсаты болашақ биология мұғалімдерінің CLIL технологиясын кәсіби қызметінде қолдануға дайындығын қалыптастыру әдістерін анықтау және әзірлеу болып табылады. Зерттеуге Түркістан облысы Түлкібас ауданы Сас-Төбе ауылындағы Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектептің білім алушылары мен мұғалімдері тартылды. Тақырып бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді қамтитын зерттеулерге талдау жасалды. «Биология» мен «ағылшын тілі» пәнінің кіріктірілген модулінің көмегімен сабақ жоспары жасалды. CLIL технологиясын қолдануға деген көзқарасын анықтау үшін мектептің жаратылыстану пәні мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді, олардың нәтижелері бұл технологияның ұтымды екенін көрсетті. Бірақ кемшіліктің бірі – жалпы орта мектепте оқушыларға аз уақыт бөлінген, білікті мұғалімдер жетіспейді және ата-аналар мен оқушылардың бұл технологияны түсінбеуі. Респонденттер сонымен қатар, материалдардың жетіспеушілігін, CLIL технологиясын қолдану туралы ақпараттың аздығын және мұғалім деңгейінің төмен екенін көрсетті. Сонымен бірге, білім берудің жоғары сапасын және табысты, қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің CLIL технологиясын пайдалануға дайындығын қалыптастыру инновациялық тәсілдерді білім беру үдерісіне табысты интеграциялаудың және ХХІ ғасырда білім беру мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы болып табылады.