«Жұмыртқадағы балапанның тәуліктік дамуы: эмбрионның қалыптасу уақыты мен кезеңдері» тақырыбына эмбриологиядан зертханалық тәжірибе жүргізу әдістемесі

Авторлар

  • Роза Мамыкова Zhanibekov University Автор https://orcid.org/0000-0002-0085-6744
  • Гулжахан Утегенова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор
  • Диана Алимбекова Zhanibekov University Автор
  • Мафтуна Хуснидинова Zhanibekov University Автор https://orcid.org/0009-0008-0068-8059

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

Зертханалық тәжірибе, инкубатор, жұмыртқа, эмбрион, тауық

Аңдатпа

Адамның білімін дамыту зертханалық жұмыстармен тығыз байланысты, әртүрлі эксперименттер жүргізе отырып, білім алушылардың көбірек ақпарат алуға және өздерінің анықталмаған салаларын ашуға мүмкіндік береді. Егер әрбір мұғалім немесе оқытушы білім алушылармен зертханалық жұмыстарды ұтымды жүргізсе, онда бұл олардың осы пәнге қызығушылығын арттырады. Зертханалық жұмыстардың көмегімен оқушылар ғылыми зерттеу әдістері туралы бастапқы түсінік алады. Мұндай практикалық тәсіл оқушыларға өздерінің ғылыми қорытындыларын іс жүзінде тексеруге, өздерінің зияткерлік қабілеттерін де, жасырын шығармашылық әлеуетін де анықтауға және дамытуға мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстар проблемаларды анықтау мен шешудің ойлау процесін ынталандырады. Мақалада авторлар Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде 5-семестрде академиялық ұтқырлық бойынша оқу барысындағы «Эмбриология» зертханасында жүргізілген «Жұмыртқадағы балапанның тәуліктік дамуы: эмбрионның қалыптасу уақыты мен кезеңдері» тақырыбындағы зертханалық тәжірибені жүргізуді ұсынды. Зерттеу нәтижелері эмбриологияны оқытуды жетілдіруге көмектеседі. Бұл әдістемені қолдану материалды игеру деңгейін және тәжірибеге бағытталған есептерді шешу және гистологиялық препараттарды талдау дағдыларын меңгеруді арттырады. Әзірленген әдістеме мен зертханалық тәжірибеден алынған нәтижелерді мектепте биология пәнін оқыту кезінде және 6В01505 білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді даярлау үшін пайдалануға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

«Жұмыртқадағы балапанның тәуліктік дамуы: эмбрионның қалыптасу уақыты мен кезеңдері» тақырыбына эмбриологиядан зертханалық тәжірибе жүргізу әдістемесі. (2023). ILIM, 37(3), 29-42. https://doi.org/10.47751/