Химияны оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
химия, дамыта оқыту, технология, әдіс, тиімділік, дамыту, білімАңдатпа
Дамыта оқыту технологиясы білім алушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын жоғарылатуға, білімге деген құштарлығын арттыруға баулиды.Пәнді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, білімін жақсартады, танымдық қабілеттерін қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтеді. Осы тұрғыдан білім беру үрдісінде дамыта оқыту технологиясын қолданудың маңызы зор. Мақалада жалпы білім беретін орта мектепте жаратылыстану бағыты бойынша пәндерді, соның ішінде химия сабағындағы «Элементтердің табиғи топтары және олардың қасиеттері» тақырыбын оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі, өзіндік ерекшеліктері қарастырылды. Оқыту үрдісінде дамыта оқыту технологиясының маңыздылығы талқыланып, білім алушыларға тигізген әсері зерттелді. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін, эмпирикалық, сандық әдістер пайдаланылды. Тәжірибелік және бақылау тобы іріктелініп, сабақтар жүргізілді. Сабақ беру барысында технологияның жалпы мазмұны мен мүмкіндіктері көрсетілді және дамыта оқыту технологиясына сәйкес тапсырмалар үлгісі мен дескрипторлар құрылды. Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың білімін арттырып, пәнді игеру қабілеттерін нығайтты. Зерттеу барысында оқушылардан сауалнама алу арқылы сандық деректер жиналды. Зерттеу жұмысында қолданған тәсілдерді балаларды оқытуда, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, білім сапасын жоғарылатуға ықпал жасады. Дамыта оқыту технологиясын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың өз бетінше біліп алуға, ізденісжасап оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыруға, пікірлерін еркін жеткізе білуге, алған білімдерін тиімді пайдалануға үйретті.