БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
даярлау, болашақ мұғалім, дамыту, шығармашылық әлеует, оқушылар.Аңдатпа
Мақалада пәнаралық талдау жүргізілген, ғалымдардың зерттелетін мәселенің негізгі категорияларына берген анықтамалары талданған, автор "болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға даярлау" ұғымын ӛзінше түсіндірген, оның мәні мен компоненттерінің құрамын ашқан. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді, жоғары оқу орындары педагогтарының тәжірибесін және жалпы орта білім беретін мектептер мұғалімдерінің жұмысын талдау нәтижесінде болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға даярлау моделі құрылған. Теориялық материалды зерттей отырып, автор "әлеует", "шығармашылық әлеует" және "шығармашылық әлеуетті дамыту" сияқты ұғымдарды қарастырған. Мақалада әлеует ұғымын кӛптеген зерттеушілер қарастырғаны және оған анықтама бергені кӛрсетілген. Олар әлеуетті белгілі бір жағдайларда кӛріну үшін жеткілікті күшке ие жасырын мүмкіндік деп санайды. Автор ғалымдардың әлеует ұғымына оқушының ресурстары мен резервтері ғана емес, сонымен бірге әлеуметтену, мектепте де, жоғары оқу орнында да білім алу процесінде дамитын жаңа қасиеттері де кіреді деген пікірлерімен келіседі. Мақалада болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға даярлау әдістемесі жасалған. Сондай-ақ, педагогикалық эксперименттің деректері ұсынылған, эксперименттік жұмыстың негізгі кезеңдерінің мәні мен мазмұны ашылған, нәтижелерді сапалы және сандық ӛңдеу жүзеге асырылған.