Химиялық байланысты оқытуда цифрлық технология мен кейс стади интеграциясы

Авторлар

  • Нагима Бердалиева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

цифрлық технология, химиялық байланыс, кейс әдісі, білім беру, білімгер, 4С дағдылары

Аңдатпа

Мақалада химия курсында цифрлық технология мен кейс стади әдісін біріктіре оқытудың әдістемесі қарастырылды. Цифрлық оқыту технологиясы білім алушының сабаққа белсенді қатысуына және зейін қоюына, сондай-ақ сабақтың қызықты әрі нәтижелі өтуіне мүмкіндік береді. XXI ғасырдың 4C дағдыларын (сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік мен креативтілік) қалыптастырудың тиімді тәсілі ретінде кейс стади мен цифрлық оқытудың интеграциясы зерттелді. Педагогикалық экспериментте Ахмет Ясауи университетінің 6В01522-Химия бағдарламасының 1-курс білімгерлері іріктелді. Зерттеудің эмпирикалық әдісінен сауалнама әдісі қолданылды. «Химиялық байланыс және молекулалардың құрылысы» модулі бойынша сабақ ұйымдастырылды. Онда тақырып аясында кейстік тапсырмалар ұсынылып, Блум таксономиясына негізделген критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағаланды. Сонымен қатар, аталған әдістің цифрлық оқытумен байланысы айқындалды. Зерттеу нәтижелері студенттердің басым бөлігі интерактивті және визуалды материалдарды тиімді деп бағалайтынын, нәтижесінде кейстік тапсырмалар арқылы білімді тереңірек меңгеретіні анықталды.

Мақалада ұсынылған әдістер қазіргі білім беру процесінде цифрландыру мен тұлғаға бағдарланған оқытудың үйлесімін сипаттайды. Бұл болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі мен пән бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді қадам ретінде бағаланады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Химиялық байланысты оқытуда цифрлық технология мен кейс стади интеграциясы. (2026). ILIM, 47(1), 93-111. https://doi.org/10.47751/