Tulipa L. туысын білім беру үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

Авторлар

  • Кеншімбаева Нұрсұлу Кеңесбекқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-2142-2419
  • Салыбекова Н.Н. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-3750-1023

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v40i2.4

Кілт сөздер:

жобалық іс-шаралар, оқу-зерттеу жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізгі құзыреттер, пәнаралық байланыстар, оқу нәтижелері

Аңдатпа

Күні бүгінге дейін оқу орнындарында биология саласы бойынша білімгерлердің жобалық іс-әрекетінің әдістемесі мен мазмұны өзекті болып отыр. Жобалық іс-әрекеттер білімгерлердің жеке тұлғасына жемісті әсер етіп, оларды қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартады. Бұл жұмыс дәйекті әрекеттер жүйесін жүзеге асыруды көздейді, атап айтқанда өз пікірін білдіруге және жеке мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көздеген жоспарын жүзеге асыруға, ақпаратты іздеу мен талдауға, мәліметтер жинақтауға және бақылау мен эксперимент жасауға бағытталған құзыреттерді дамытып, топтық немесе жеке жұмысқа өз үлесін қосуға және коммуникативті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, студенттер көбінесе АКТ мен зертханалық құрал-жабдықтарды қолдануда құзыреттілікке ие болады. Әрбір студент бір уақытта іс-әрекетті ұйымдастырушы, орындаушы және сарапшы ретінде әрекет етеді. Биология саласындағы оқу бағдарламасы көптеген оқу пәндерінен білімдерді қамтитындықтан, жобалық іс-шаралар пәнаралық байланыстарды анық жүзеге асырады. Білімгерлердің жобалық іс-әрекет барысында алған білімдері берік бола түседі. Жобалық жұмысты талдау білімгерлердің негізгі құзыреттіліктерін, яғни мәселелерді құрастыру, мақсат қою, нәтижелерді жоспарлау, бағалау, ақпаратты іздеу мен өңдеу, ауызша баяндау және топтық эксперимент сында дамыту деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Бұл зерттеуде ХҚТУ білімгерлеріне арналған түрлі биология саласындағы жобалардың тақырыптары, мазмұны мен сапасына талдау жасап, негізгі кемшіліктерді анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар жасалды. 2-3 курс бойынша жобалар әзірленіп, жүзеге асырылып, мысал ретінде ұсынылды. Ұсынылып отырған зерттеудің практикалық маңызы бар, өйткені материалдар мен қорытындыларды ХҚТУ базасында педагогикалық практика кезінде студенттерге биоэкологиялық білім беру мен әдістемелік дайындық процесінде білімгерлердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда пайдалануға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Кеншімбаева Нұрсұлу Кеңесбекқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Биология, магистрант 

  • Салыбекова Н.Н., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы, Phd доцент м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Tulipa L. туысын білім беру үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері. (2024). ILIM, 40(2), 56-67. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v40i2.4