STEM білім беру жағдайында PhET симуляцияларын қолдану
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
PhET стимуляция, STEM, интеграция, мүмкіндік, пәнаралық байланыс, әдістемелік семинарАңдатпа
Мақалада бастауыш сыныптарда математика мен жаратылыстану пәндерін оқу кезінде PhET симуляцияларын енгізу нәтижелері қарастырылады. STEM негізінде PhET симуляцияларын қолдану – білім алушының бойында зерттеушілік құзыретті қалыптастырып, болжам жасауды, қорытынды шығаруды, тәжірибемен бөлісуді, аргумент жасауды, деректерді талдай алуды үйренеді. Зерттеудің мақсаты – бастауыш білім беру процесінде STEM білім беру жағдайында PhET симуляцияларын қолданудың мүмкіндіктерін айқындау. Білім алушыларға STEM негізінде PhET симуляцияларын қолдануға бағытталған семинар ұйымдастырылды. Семинардың мазмұнын құруда пәнаралық интеграция ұстанымы, цифррлық инновациялық технологиялар, оның ішінде STEM білім беру үшін PhET симуляциялары басшылыққа алынды. Бұл мақалада әдістемелік семинардың Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеттің 7М01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» білім беру бағдарламасының бірінші және екінші курс білім алушыларына әсері талданды. Зерттеуге барлығы 33 білім алушы іріктелді, оның 16 білім алушысы – бақылау тобы, 17 білім алушысы – эксперименттік топ. Әзірленген әдістемелік семинар білім алушылардың логикалық және сыни тұрғыда ойлауын, мәселені шешу дағдыларын, ғылыми дүниетаным мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға, технологияны меңгеруге, ғылыми тұрғыдан объектілер мен процестерді зерттеуге мүмкіндік берді. Семинар алдындағы және семинардан кейінгі бағалаудың сипаттамалық статистикасы көрсеткендей зеттеудің нәтижелерінде айырмашылық бар екені анықталды. Бұл біз ұсынған әдістемелік семинардың тиімділігін дәлелдеді. Зерттеу барысында сандық деректердің дискриптивті статистикалық сипаттамасы ұсынылды.