БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТЕР ЖҮРГІЗУДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

биологиялық эксперимент, тәжірибе, әдіс-тәсілдер, гидропоника саласы, лабораториялық құрал-жабдықтар, фотосинтез процесі, оқыту процесі.

Аңдатпа

  Бұл мақалада биология пәнін оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі көрсетілді. Атап айтқанда, биология пәнін оқыту үрдісінде эксперименттер жүргізудің білім сапасын қаншалықты арттыруға септігін тигізетіні анықталды. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқытушы сабақ өтуде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып білім беруі дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда білім сапасын біршама арттыратыны белгілі. Биология пәні табиғат, тірі ағзалар туралы ғылым саласы болғандықтан, бұл пәнді оқытуда тәжірибе қою, эксперимент жүргізу әдісін қолдана отырып, шынайы биологиялық процессті көру арқылы білім алу маңызды әдіс болып есептеледі. Сондықтан мақалада биология пәнінде жүргізуге болатын эксперименттер мен зерттеу нысандарының дұрыс таңдап алынуы,, тәжірибе қоюда маңызды талаптар, оқытушы мен оқушының эксперимент жүргізудегі іс-әрекеті, эксперимент жүргізудің нақты кезеңдері мен шарттары көрсетілді. "Өсімдіктер" бөлімі бойынша бірнеше эксперименттердің жүргізілуі мен күтілетін нәтижесін атап көрсетеді. Сонымен қатар, оқушыларға жүргізілген эксперименттер нәтижелерінің білім сапасына әсерінің қаншалықты деңгейде өзгергенін зерттейді. Биология пәніндегі жаңа ақпараттарды игеруде және алған білімді өмірде қолдана білуде эксперименттер жүргізу арқылы сабақ өтудің жақсы көрсеткіштерге жеткізетіні анықталды. Мәселен, оқушылар лабораториялық құрал-жабдықтарды қолдануды үйрене отырып, «Өсімдіктер» бөлімі бойынша зерттеу нысандарын дұрыс таңдай білді, зерттеу нысандарына тәжірибе қою барысында биология пәніне қызығушылықтары артып, білім сапасына оң әсерін берді. Гидропоника саласы бойынша қойылған эксперименттер оқушыларда жаңа биологиялық салаларды меңгеруге, тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік берді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТЕР ЖҮРГІЗУДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ. (2023). ILIM, 35(1), 86-96. https://doi.org/10.47751/