ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

химиядағы пәнаралық байланыс, үш бөлімді күнделіктер әдісі, бақылау сынағы әдісі, «текшелер» ойыны, «пирамида әдісі», миға шабуыл, биология, физика

Аңдатпа

Мақала жалпы білім беретін мектепте химия сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін қарастыруға арналған. Оқушылардың оқыту теорияларын, тұжырымдамалары мен идеяларын меңгеруі үшін мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларындағы пәнаралық байланыстарды көрсету мәселелері қаралды. Мақсатымыз өз тәжірибемізде қолданып, оң нәтижеге жетуге ықпал жасаған тиімді әдістерді ұсыну. Мектепте химия пәнін оқыту кезінде өзін өзі дамыту қабілетін қалыптастыру үшін инновациялық педагогикалық технологиялардың ең қолайлы элементтерін анықтау барысында таңдалған әдістер ұсынылған: «Үш бөлімді күнделіктер» әдісі, «Бақылау сынағы» әдісі, «Текшелер» ойыны, «Пирамида әдісі», «Миға шабуыл». Химия сабақтарын пәнаралық кіріктіру аясында ұйымдастыру маңыздылығы- білім беру үдерісі мұғалімге сабақты басқаруға, білім алушыларға әлем бірлігін сезінуге мүмкіншілік береді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде пәнаралық байланысты орнатудың даму принциптері анықталды. Химияны физика және биология пәндерімен интеграциялап оқытудың оқу-әдістемелік материалдары әзірленіп, пайдалануға ұсынылды. Химия пәнін биология, физика және география пәндерімен байланыстыруда білім берудің барлық түрлерін қолдана алу оқу- тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырады. Пәнаралық байланысты орнату арқылы пайдаланылатын интербелсенді әдістер оқу үдерісіне қатысатын әрбір білім алушының креативті ойлауына, функционалдық сауаттылығына, белсенділігіне негізделеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ. (2023). ILIM, 35(1), 66-75. https://doi.org/10.47751/