ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАУ БАҒЫТЫНА ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

жасөспірімдер; кәсіби диагностика; кәсіби өзін-өзі анықтау; кәсіптік бағдар; жеке қасиеттер; кәсіби қызығушылық; нейротизм; интроверсия; экстраверсия; бағалау шкалалары.

Аңдатпа

  Жаңа заман талабына сай мектептегі білім берудің жаңа стандарттары педагогикалық ұжымдардан оқушылардың кәсіби бағдарлануы бойынша жасалатын жұмысты барынша күшейтуді талап етуде. Кез келген адам үшін дұрыс кәсіби таңдау жасау жеке тұлғалық даму мен әлеуметтік белсенділік үшін аса маңызды. Бірақ ол тікелей тұлғаның жеке қасиеттерімен, ерекшеліктерімен, қабілеттерімен және қызығушылықтарымен келісілген және мақсаттарымен сәйкес үйлесім тапқан жағдайда ғана қалыптасады. Жасөспірімдердің жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда оның өмірінде өмірінде елеулі өзгерістер орын алатын, толассыз психо-физиологиялық үдерістерге толы жасөспірімдік кезең аса маңызды. Себебі, жасөспірімдер аталмыш жас кезеңінде физиологиялық өзгерістерден басқа, эмоционалды және әлеуметтік қабілеттер дамуынан да қатар өтеді. Осы жас кезеңінде оқушылар кім болғысы келетіні туралы терең ойлануға көп уақыт жұмсайды. Мамандық таңдауға әр түрлі факторлар әсер етеді, бірақ олардың ішіндегі ең маңыздысы – кез-келген тұлғаның жеке тұлғалық қасиеттері мен мінезі. Зерттеу жұмысының мақсаты – жасөспірімдердің кәсіби мүдделері мен олардың жеке сипаттамалары арасындағы байланысты орнату. Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері ретінде «Дифференциалды-диагностикалық сауалнама», «Қызығушылық картасы» және Р.Кеттеллдің жасөспірімдерге арналған тестсауалнамасы бойынша оқушыларға анкета, сауалнама әдістері қолданылды. Эмпирикалық зерттеу барысында А.Асқаров атындағы №77 орта мектеп оқушыларының болашақ кәсіби қызметінің траекториясына әсер ететін жеке тұлғалық қасиеттері анықталып, мектеп оқушыларына болашақ кәсіби қызметтің бағытын анықтап, мамандық таңдауға көмектесу үшін олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Зерттеудің практикалық құндылығы – оның нәтижелерін мектеп мұғалімдерінің, психологтардың, мектептегі білім беруді басқару өкілдерінің болашақ мамандықты таңдауға ықпал ететін оқушылардың жеке қасиеттерін анықтау үшін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАУ БАҒЫТЫНА ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ. (2022). ILIM, 34(4), 25-34. https://doi.org/10.47751/