Түркиядағы мұғалімдермен бірге XXI ғасыр дағдыларына қатысты жүргізілген зерттеулердің шолуы

Авторлар

  • Yeliz Abbak Erciyes Üniversitesi Автор

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

21 ғасыр дағдылары, мұғалімдер, түркияның білім беру жүйесі, магистратура диссертациялары, мақалалар, құжаттарға шолу, мазмұнды талдау

Аңдатпа

Бұл біз өмір сүріп отырған ғасыр талап ететін адам типіне тән көптеген қасиеттер бар. Осы тұрғыда 21 ғасырдың дағдылары заманауи дәуірдің қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыра алатын қабілеттер ретінде көптеген мекемелер мен ұйымдар тарапынан ерекше атап өтіледі. Осы себептенде мұғалімдер білім беру жүйесінде өте маңызды орынға ие.

Жалпы зерттеудің мақсаты — Түркияның білім беру жүйесінде 21 ғасыр дағдылары тұрғысынан мұғалімдерге қатысты жүргізілген ғылыми зерттеулерді талдау. Осы мақсатта зерттеуде сапалық зерттеу әдісі және құжаттарды талдау (документтік талдау) тәсілі қолданылып, барлығы 60 ғылыми жұмыс қарастырылды.

Бұл қарастырылған жұмыстардың 44-і магистрлік және докторлық диссертациялардан, ал 16-сы ғылыми мақалалардан тұрады. Зерттеу нәтижесінде, магистрлік және докторлық диссертациялардың Түркияның әртүрлі университеттерінде дайындалғаны, 2018–2025 жылдар аралығын қамтитыны және ең көп диссертациялар «Білім беру бағдарламалары және оқыту» мамандығы бойынша жазылғаны анықталды.

Сонымен қатар, бұл зерттеулерде көбінесе сапалық зерттеу әдістері, корреляциялық (қатынастық) зерттеу үлгілері қолданылғаны, ал деректер жинау құралы ретінде негізінен сауалнама-шкалалар пайдаланылғаны анықталды. Бұдан басқа, талданған зерттеулердегі іріктеу тобы көбінесе әртүрлі пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдерден құралғаны айқындалды. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түркиядағы мұғалімдермен бірге XXI ғасыр дағдыларына қатысты жүргізілген зерттеулердің шолуы. (2026). ILIM, 47(1), 33-47. https://doi.org/10.47751/