Ұжымдық технология негізінде мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v40i2.1.5-18

Кілт сөздер:

ұжымдық оқыту технологиясы, шығармашылық белсенділік, педагогикалық эксперимент, оқу іс әрекетін модельдеу, диагностика

Аңдатпа

Бүгінгі таңда білім беруде болып жатқан өзгерістер динамикасы оқу-тәрбие жұмысының барлық нысандарын белсендіруге негізделген оқу орындарының тәрбие жұмысының сапалы жаңа деңгейіне жетуді, мектеп оқушыларының алған білімдерін практикада шығармашылықпен қолдану қабілетін дамытуды қарастырады. Осыған байланысты білім алушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа, тиімдірек формаларын әзірлеу қажет. Оқушылардың білімді меңгеру сапасы мен олардың шығармашылық белсенділігінің даму деңгейі мұғалімнің оқытудың әртүрлі формалары арасындағы тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауына байланысты. Бұл мақалада мектеп оқушыларының химия пәні негізінде ұжымдық технология арқылы шығармашылық белсенділіктерін арттыру жайында мәліметтер көрсетілген. Зерттеу жұмыстары №9 Некрасов атындағы мектеп гимназиясының 8 сынып оқушыларына жүргізілді. Химия сабағы барысында білім алушылардың ұжымдық технология көмегімен өткізілген сабақтардағы зерттеушілік, шығармашылық қабілеттері салыстырылып, талдау жасалды. Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие қызметін ұжымдық, топтық жеке оқыту нысандарында ұйымдастырудың педагогикалық моделі әзірленді. Мектеп оқушыларының ұжымдық белсенділігін мақсатты түрде дамытуға мүмкіндік беретін оқыту формаларының жиынтығы анықталды. Мектеп оқушыларын бағалау параметрлері мен ұжымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлері анықталды. Жеке тұлғаның белсенділігі, мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділікке дайындығының мәні анықталды, ұжымдық шығармашылық белсенділіктің қалыптасу деңгейлері ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ұжымдық технология негізінде мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру. (2024). ILIM, 40(2), 5-18. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v40i2.1.5-18