Химия пәнінен оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v39i1.4Кілт сөздер:
шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту, инновациялық технологиялар, интерактивті әдістер, сыни тұрғыдан оқыту, эксперименттік зерттеулерАңдатпа
Химия пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген шырмашылық қабілеті мен қызығушылықтарын дамыту негізінен оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алуы, оқу тапсырмасын толық дербес түрде орындай алуы, зерттеу әдісін қолдана алуымен байланысты. Мектеп оқушыларының білім алуына енгізіп жатқан жаңа инновациялық технологиялар оқытушының да жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуде. Оқушылардың химияға деген шығармашылық ойлау қабілеті мен қызығушылығын дамыту үшін интерактивті әдістер пайдаланылды. Химия пәнінен «Химиялық элементтердің периодтық кестесі» тарауы бойынша инновациялық технологияларды қолдану арқылы сабақтар жүргізіліп, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру көзделді. Зерттеу жүргізілген екі сыныптан қалдық білімді тексеру тесті мен сауалнама алынды және БЖБ нәтижелері бойынша бақылау тобы мен эксперименттік топтар таңдалып алынды. Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, арттыру бойынша сабақ өткізілді. Пайдаланылған әдістер бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын анықтау мақсатында оқушылардан сауалнама алынып, жүргізілген сабақтардың қорытындысы бойынша оқу үлгерімдерінің біршама жақсарғаны байқалады. Сабақ барысында оқушылардың белсенділіктері бағаланды. Алынған нәтижелер талданып, соның негізінде білімгерлердің оқу жетістіктері туралы диаграммалар құрастырылды. Өткізілген сабақ бойынша дәстүрлі әдіспен сабақ өткен 7 «В» сыныбының оқушыларының оқу жетістіктері – 92%-дан 96%-ға өссе, инновациялық технологиялармен жүргізілген 7 «А» сынып оқушыларының оқу жетістіктері – 76%-дан 88%-ға өсу көрсеткішін көрсетті. Химия сабақтарында заманауи инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыруға және оқушылардың танымдық-зерттеу қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.