Білім алушылардың жетістікке жету мотивациясына әсер ететін факторлар
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
Мотивация, жетістікке жету, академиялық табыс, сыртқы факторлар, ішкі факторларАңдатпа
Біз қарастырып отырған бұл мақалада білім алушылардың жетістікке жету мотивациясына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар сонымен қатар студенттердің жетістікке жетуге деген мотивациясы олардың оқу үлгеріміне тікелей әсер ететіні, бұл әсіресе жоғары оқу орындарында айқын байқалатыны зерттеледі. Мотивацияның психологиялық теориялары, соның ішінде Маслоу қажеттіліктер иерархиясы және өзіндік анықтау теориясы қарастырылып, олардың студенттердің академиялық табысына әсері талданады. Зерттеу нәтижелері студенттердің оқу мотивациясын арттыру үшін білім беру жүйесінде қандай әдістерді қолдану қажет екенін анықтауға көмектеседі. Мотивациялық факторлар дұрыс болғанда студенттер оқу үрдісіне белсенді қатысатыны көрсетілген. Студенттердің мотивациясына әсер ететін факторларды бағалау үшін корреляциялық және регрессиялық талдау бойынша статистикалық әдістер қолданылды. Сонымен қатар, мотивацияның психологиялық теориялары қарастырылып, мотивацияны арттыруға бағытталған білім беру стратегиялары ұсынылды.