Жоғары оқу орында орыс тілінің оқу материалдарын әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
бағалау критерийлері, дескрипторлар, коммуникативті-белсенділік әдісі, оқушыға бағытталған оқыту, өзіндік жұмыс, оқу нәтижесіАңдатпа
Бұл мақала «Орыс тілі» пәні бойынша қажетті білім көлемін меңгеруде оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында дәріс өткізудің тиімді формаларын ұйымдастыруға арналған. Орыс тілінен ұсынылып отырған әртүрлі тапсырмалар білімалушының өзін-өзі тануына, өзін-өзі рефлексивті бағалауына, шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Тілді меңгертуші пән оқытушылары білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, ақыл-ой жұмысына жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастырады, енжар орындаушыны өз бетімен білімді игере алатын белсенді тұлғаға айналдырады. Сондықтан бұл әдістемелік әзірлемелерді пән оқытушылары оқутәрбие үдерісін белсендіру мақсатында пайдалана алады. Дәрісте негізгі оқу әрекетін қалыптастыру білім алушының ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетін арттыруға, диагностикалауға, танымдық процестерді түзетуге және дамытуға бағытталған. Жұптық және шағын топтарда жүргізілетін жұмыс түрлері білім алушының белсенділігін, ұжымдық сезімін, өз бетінше іздену дағдысын дамытуға ықпал етеді. Оқытудың күтілетін нәтижелерін жүзеге асыру үшін білім алушыға бағдарланған оқыту және тілді меңгерудің коммуникативті-белсенділік тәсілі аспектісінде бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар практикалық тапсырмаларды әзірлеу жолдары ұсынылады. Біз ұсынып отырған тапсырмалар білім алушыларды ұжымда жұмыс жасай білуге, бірлескен жоспарлар құруға, жалпы ізденіс нәтижесін ұсыну жолында ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Сабақты осындай тәсілдермен ұйымдастыру білім алушының оқу уәжділігін және пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.