ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

инновациялық технологиялар, проблемалық оқыту технологиясы, инновациялық семинар, ғылыми- практикалық конференция, ойын технологиясы, STEM технологиясы.

Аңдатпа

  Бұл мақалада оқыту процесінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану нәтижесінде педагогикалық бағыттағы жоғарғы оқу орнының студенттеріне зерттеулер жүргізілді. Зерттеу барысында екі топ бөлініп алынды және бір топ бақылау топ ретінде екінші топ зерттеу тобы ретінде алынды. Инновациялық техногиялардың ішінде проблемалық оқыту мен STEM технологияларына көбірек көңіл бөлінді және зерттеу барысында осы технологиялар бойынша нәтижелер алынды. Сонымен қатар мақалада шетелдік ғалымдардың еңбектері мен заманауи технологияларға қосқан үлестері жайлы баяндалады. мақалада дәстүрлі семинар сабақтары мен инновациялық технологияларды қолдана отырып жүргізілген сабақтардың айырмашылығы ажыратылған. Мақалада қазіргі таңда дәріс пен семинар сабақтарын жобалауға және өткізуге арналған инновациялық технологиялардың түрлері толық көрсетілген, оларға мысалы ретінде сын тұрғысынан оқыту технологиясы, мультимедиялық, компьютерлік оқыту технологиясы, пікірсайыс, ойын, тренинг технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, т.б. Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты, проблемалық оқыту технологиясы мен STEM технологияларын семинартар сабақ барысында қолдана отырып, білім алушылардың әр сабақ сайын жеткен жетістіктері көрсетілді. Бақылау тобына семинар сабақтары дәстүрлі түрде жүзеге асырылды және зерттеу тобына проблемалық оқыту және STEM технологиялары пайдаланылды. Мақалада проблемалық оқыту мен STEM технологияларына берілген тапсырмалар көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. (2022). ILIM, 34(4), 97-113. https://doi.org/10.47751/