ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0057Кілт сөздер:
пәнаралық байланыс, функционалдық сауаттылық, биология, физика.Аңдатпа
Мақалада жалпы білім беру мекемелерінде химия пәнін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудағы пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді әдістемесі қарастырылған. Білім беру үдерісінде функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық интеграцияның маңызы зор. Мақсатымыз өз тәжірибемізде қолданып, оң нәтижеге жетуге ықпал жасаған тиімді әдістерді ұсыну. Пәнаралық байланысты орнату арқылы пайдаланылатын интербелсенді әдістер оқу үдерісіне қатысатын әр бір білім алушының креативті ойлауына, функционалдық сауаттылығына, белсенділігіне негізделеді. Әдістерді сабақ үдерісінде түрлендіре отырып, тиімді қолданғанда оқу үдерісі білім алушыларға қызықты болатыны анық. Білім алушылар жаңа ақпаратты ғылыми ізденістерге, тәжірибеге сүйене отырып алады. Оқу үдерісінде қатысушылар үлкен немесе шағын топта жұмыс жүргізеді. Тапсырмалар жеке оқушыға емес, топтардың арлық мүшелеріне бірдей беріледі. Шағын топтардың әр мүшесі тапсырмаларды орындағанда өз үлесін қосуға ұмтылады. Бұнда оқушылар мұғалімнің дұрыс бағыттауында ынтымақтастықта жұптық, топтық жұмыстарын жүргізеді, өзара пікір алмасады, ортақ шешім қабылдауға ұмтылады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде пәнаралық байланысты орнатудың даму принциптері анықталды. Химияны физика және биология пәндерімен интеграциялап оқытудың оқу-әдістемелік материалдары әзірленіп, пайдалануға ұсынылды.