КӘСІПТІК ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АЛГЕБРА ПӘНІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.47751/Anahtar Kelimeler:
ЖИ, жасанды интеллект, кәсіптік білім беру, алгебра, инновациялық технологиялар.Öz
Жасанды интеллект технологияларын кәсіптік орта білім беру жүйесінде алгебра пәнін оқытуда қолданудың негіздері қарастырылды. Алгебраны оқытуда кездесетін негізгі қиындықтарының бірі – студенттердің пәнді қабылдау қиындығы және оқуға деген ынтасының төмен болуы. Зерттеу ЖИ-дің білім беру процесіндегі әлеуеті, студенттердің сыни ойлауын дамыту және оқу үлгерімін арттырудағы және білім мазмұнын бейімдеудегі рөліне баса назар аударылды. Жасанды интеллект негізінде жұмыс жасайтын білім беру платформалары мен қосымшалары оқу процесін жеңілдетіп, білім алушыларға жекелендірілген қолдау көрсете алады. Сондықтан колледждерде алгебра пәнін оқытуда ЖИ құралдарын пайдалану ғылыми және практикалық тұрғыдан да өзекті. Осыған байланысты саралап оқыту үшін ЖИ құралдарын пайдалану, студенттердің оқу материалдарын меңгеруін бақылау, түсінуді жеңілдету, есептерді шешуге бейімделген тапсырмаларды әзірлеу зерттелді. Бұл үдеріс студенттердің аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың болашақ мансабына қажетті кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға көмектеседі. ЖИ алгоритмдері теңшелген материалдар мен тапсырмаларды ұсыну үшін студенттің оқу стилін, күшті және әлсіз жақтарын талдай алады, осылайша әр студентке білімді тиімді қабылдауға және цифрлық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибе барысында ЖИ құралдарының тиімділігі бағаланып, олардың кәсіби дағдыларды қалыптастырудағы рөлі айқындалды. Мақалада ЖИ-ті қолдану нәтижесінде оқу материалына қолжетімділіктің артуы, оқытудың тиімділігін жоғырылату жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, білім беруде ЖИ енгізу қиындықтары және оларды енгізудің этикалық аспектілері келешек әлеуеті жоғары бағыт ретінде танылды.


