Орта мектепте М.Қашқари және Ж.Баласағұн шығармаларын оқытудың тәрбиелік мәні
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
Ислам дәуірі, халықтық педагогика, тәлім-тәрбие, дидактика, орта мектеп.Аңдатпа
Қазірде әдеби оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай тәрбиелік әлеуеті бар. Оның іске асырылуы оқушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың, руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады. Орта мектеп оқушысына ислам дәуірі әдебиетінің көркемдік ерекшелігін шығарманың идеялық-мазмұндық жағымен қатар ұғындыру керек. Ислам дәуірі әдебиетінің басты ерекшелігі адами құндылықтарды насихаттау, жақсылыққа шақыру, игілікке үндеу екенін түсінген жағдайда оқушы шығарманы еркін игереді және оның мән-мағынасын тереңінен түсінеді. Осы тұрғыда орта мектеп жеткіншектеріне әдеби және тарихи жазба мұраларды кеңінен зерделеп тәрбие ісінде қолдана білсе абзал болмақ. Бүгінгі күні қазақ әдебиетін орта мектепте оқытудың тиімді жолдары мен амалдары әдістеме тұрғысынан зерттеліп жатқан жайы бар. Соның ішінде ислам дәуірі әдебиетін орта мектепте оқытудың маңызы аса зор. Осы мақалада ислам дәуірі әдебиетін орта мектепте оқытудағы басты мақсат не және жалпы ислам дәуірі әдебиеті шығармаларының оқушылардың дүниетанымына әсері қандай деген сауалдар тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Мақалада ортағасырлық түркітанушы, ғалым М.Қашқари және Ж.Баласағұнның педагогикалық шығармаларының тәрбиелік мәні жайлы баяндалады.