Жанартылған бағдарламаға сәйкес химияны оқытудың тиімділігін арттыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-26

Кілт сөздер:

Жаңартылған бағдарлама негізінде химиняны оқытудың тиімділігін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, білім мен өнеге берудің тиімділігі, білім алушылардың құзіреттілігі.

Аңдатпа

Жаңартылған бағдарлама негізінде химиняны оқытудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, оқытудың ғылыми жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуін , білімалущылардың ғылым негіздерін тиянақты меңгеруін қамтамасыз етуді, еңбекке баулу мен кәсіптік бағыт беру жұмыстарын түбегейлі өзгертуді қажет етілетіндігі баяндалған. Осы орайда алға қойылған өзекті мәселелердің дұрыс шешімін таба алуда әрбір өтілетін сабақтардың тиімділігін сапасын арттыру міселелері қамтылған. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес химияны оқыту тиімділігін арттыруда көрсетілген талаптарға сай жұмыс істеу арқылы студенттердің,магистранттардың берілген оқу материалдарын жақсы игеруге онша қиналмай, сабаққа деген үлгерімдерін толықтай арттыра алады және де оқытушылардың оқу материалдарын дұрыс іріктеп алуына жәрдем ететіндігі мінсіз. Белгілі бір система параметрінің басқарылып отырған процесі туралы ақпарат алуды қамтамасыз ету жәнеде кері бағытта ақпарат алу. Химия пәнінің оқытылу процесінің тура және кері бағытын қарастыра отырып, оқытушы кері бағыттағы ақпаратқа анализ жасай отырып, оқушының қалай жұмыс істегеніне, ақпаратты қалай қабылдап, қалай қосымша жұмыс істегеніне баға береді.Химия пәні бойынша қатал түрде берілген білім және оның қорытындысы оқытушыға қандай жолмен сапалы білім беруге болатынын анықтап береді.Химия пәні әрбір есепті шығару, сапалы білім жолына жету жолы қажырлы еңбекті және күнделікті практиканы талап етеді. Алдыға нақты бір мақсат қою арқылы көптеген шешімі жоқ есептерді шешуге болады, бұл оқытушының балаларды жігерлендіріп, талпынуына жол ашады. Білім алушыларға қазіргі талапқа сай келетін ғылыми-сапалы білім беріп оқыту жәнеде сұранысқа сәйкес бәсекеге қабілетті етіп оқыту, сындарлы тәрбиелеу педагогикалық ғылымы саласындағы жаңартылған әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеу жұмыстарын заман талабына сай жүргізу талап етіліп отыр.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жанартылған бағдарламаға сәйкес химияны оқытудың тиімділігін арттыру. (2021). ILIM, 27(1), 46-55. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-26