Шет тілін оқытуда коммуникативтік әдістерді қолдану арқылы студенттердің тілдік қорын дамыту
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0044Кілт сөздер:
коммуникативтік тәсіл, коммуникативті құзыреттілік, когнитивтік тәсіл, оқу үдерісі, танымдық принцип, тілдік формалар, лингвистикалық біліктілік, когнитивті мағыналық мақсат, стратегиялық ептілік, коммуникативтік-танымдық әдіс, қатысымдық әдіс.Аңдатпа
Бұл мақала шет тілін оқытудың дәстүрлі емес әдістеріне, ағылшын тілінде коммуникативтік жағдайларды тиімді пайдаланып, студенттердің тілдік қорын дамытуға арналған. Шет тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Әрине, біршама уақыт кӛлемінде оқыту әдістемесі де әр кезде тілдің әр аспектісіне кӛңіл аудара отырып, кӛптеген ӛзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми әдістеменің объективті түрде дaмyы ағылшын тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Коммуникативтік тәсіл шет тілін меңгеру үшін тілдік формаларды ғана емес, сонымен қатар оларды нақты қарым-қатынаста пайдалануға мүмкіндік беретін мәлімдемеге негізделген. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді кӛздейді, сондай-ақ жалпы коммуникативтік әдістің шет тілін оқытуда кӛрініс табатын принциптерін, тиімді тәсілдерін, коммуникативтік теория және технология негіздерін игертуге бағытталады. Білім алушыға тиімді білім беруде коммуникативтік әдістердің критерийлері кӛрсетіліп, талданады. Бұл тәсілдің басты мақсаты шет тілін білу дағдыларын қалыптастыру және жақсы ойластырылған қажетті әдіснама жасап шығару болып табылады.