Түрік тілін шет тілі ретінде оқыту әдісі: аңыз құрылымы мен әңгімелеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0034

Кілт сөздер:

әңгімелеу, аңыз құрылымы, түрік тілін шетел тілі ретінде оқыту.

Аңдатпа

Оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс білім берудегі ең маңызды құрылымның бөлігі. Бұл байланысты реттейтін модельді іздеу – білім берудің басты мәселелерінің бірі болды. Құрылымның сұлбасы (scaffolding) әдісінің білім саласында қолданылуы білім алушының белгіленген мақсатқа жетуі үшін қажетті материалдарды ұйымдастыру, әзірлеу және қолдану тұрғысынан мұғалім мен оқушының позицияларына жаңа көзқарас әкеледі. Сонымен қатар, тіл біліміндегі дамыта оқыту тұрғысынан үйренудің қажеттілік ретінде пайда болуымен хикая мен хикая әңгімелеу шетел тілін оқытуда тиімді жолы әрі әдісі ретінде кеңінен қолданыла бастады. Бұл зерттеуде «тілдерді оқыту тәжірибесінде қолданылатын әңгімелеу әдісі мен білім беруде қолданылатын «құрылым сұлбасы» әдісін шет тілін оқытуда бірге қолдануға бола ма?» деген сұрақты негізге ала отырып, екі әдістің бір-бірін жетілдіретін тіпті, толықтыратын аргументтері нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Теориялық негіздеулерден соң әдістер бірге қолданыла отырып, шетел тілі ретінде түрік тілін үйретуге байланысты тәжірибе нәтиежелері ұсынылады.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Түрік тілін шет тілі ретінде оқыту әдісі: аңыз құрылымы мен әңгімелеу. (2021). ILIM, 28(2), 25-36. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0034