Спиральдік қағидаттың мектептегі биология курсын оқытудағы тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v39i1.5Кілт сөздер:
дидактикалық спираль, спиральді оқу бағдарламасы, оқу бағдарламаларын құру принципі, циклдік қайталау, алдыңғы білім, жұмыс жадыАңдатпа
Қазіргі таңда биологияны оқытуға қатысты жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы «Спиральді оқыту» жаңартылған білім беру бағдарламасы құрылымының айтарлықтай күрделі мәселесінің бірі. Сондықтан мақалада алдымен ғылыми-зерттеу тақырыбына сәйкес, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдаудың нәтижелері келтірілген. Спиральді тәсілдің әртүрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды, сонымен қатар оны жүзеге асырудағы мүмкін болатын өзгерістер тізбектеліп, спиральді тәсілді қолдана отырып оқу жоспарын құрудың практикалық ерекшеліктері талқыланды. Мектепте биологияны оқытудағы нақты мысалдар сипатталған. 7-11 сыныпқа арналған «Жасушалық биология» бөлімінің бағдарламасына сүйене отырып, оның элементтерінің күрделенетіні қарастырылған. Нәтижесінде барлық сыныптардың үлгерімі 100% болғанымен, білім сапасы 7-сыныпта 65% құрады, ал 11-сыныпта ол көрсеткіш 92%-ға дейін көтерілді. Бұл өз кезегінде оқушыларға «Жасушалық биология» бөлімі бойынша білімін шыңдауға және биологиядан білімдерін кеңейтуге септігін тигізеді, сондай-ақ олардың оқудағы дағдылары мен дамуға деген ынтасын арттыруға, білім беру процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.