БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0019

Кілт сөздер:

сауаттылық, функционалдық сауаттылық, оқу сауаттылығы, білім беру, бастауыш сынып, педагогикалық жүйе.

Аңдатпа

  Мақалада сауаттылық және функционалдық сауаттылық ұғымына түсіндірмелер берілді. «Сауаттылық» ұғымына жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, мағынасы ашылды. Cауаттылықтың қазіргі заманғы мағынасын түсіндіру үшін сауаттылық түсінігінің тарихи өзгерістеріне үңілген жөн. Алайда, бұл жерде сауаттылық түсінігін өзгерту процесіне назар аудармай, әр түрлі материалдарда ұсынылған сауаттылық тұжырымдамасына негізделген сауаттылықтың қазіргі мағынасын қарастыру көзделді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың маңызы түсіндіріледі. Мақалада функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін білім беру мен білім алудағы ерекшеліктер көрсетіледі. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарымқатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 4 білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ. (2020). ILIM, 26(4), 75-81. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0019