ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУДЕ ЖЕКЕ, ЕРЕКШЕ, ЖАЛПЫ, ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ӚЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

дербес, ерекше, жалпы, оқушының таным іс-әрекетін өзектендендіру.

Аңдатпа

  Мақалада оқушылардың танымдық іс-әрекетін өзектендендіруде жеке, ерекше, жалпы, ұғымдарының өзара байланысы қарастырылады. Жеке, ерекше, жалпы – бүтін бұл бірбірінен оқшауланған білім емес, ол жалпы-бүтіннің әр түрлі жақтарын білдіреді. Сонымен бірге жалпы-бүтін жекесіз білім болып қабылданбауы керек, өйткені бұл жекенің өзі де жалпымен байланыссыз мүмкін емес. Осының бәрін ескере отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін өзектендендіретін, оқытылатын материалды белсенді қабылдауды көздейтін жаңа әдістеме жасалды. Бұл әдістеме оқушылардың танымдық әрекеттерін жүзеге асыруы кезінде аналитикалық және синтетикалық ойлау операцияларын қолдануына алып келеді. Дегенмен оны әрбір жеке жағдайда әдістемелік тұрғыдан жүзеге асыру көптеген басқа компоненттерге де байланысты. Онда қойылған мәселенің күрделілігі, оның басқа ережелермен байланысы, берілген сипаттамалық белгілері, оқушылардың күрделі мәселелерді осылайша шешуге дайындығы, мұғалімнің әр жеке жағдайда осы танымдық процесті жүргізуге қабілеттілігі ескеріледі. Мақалада ұсынылған әдістемені сабақта қолдануға байланысты мысалдар оқушыларды проблемалық сұрақтарға алып келеді. Ол сұрақтарды шешу үшін оқушылар мәселенің мазмұнын ашуға ықпал ететін әрекеттерді қолдануға тырысады, оны жүзеге асырудың жолдарын іздейді, бұл өз кезегінде олардың танымдық белсенділігін өзектендіреді. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУДЕ ЖЕКЕ, ЕРЕКШЕ, ЖАЛПЫ, ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ӚЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. (2020). ILIM, 25(3), 5-14. https://doi.org/10.47751/