ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МЕТАПӘНДІК БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Гульхан Жылысбаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

Метапәндік байланыс, метақұзіреттілік, цифрлық сауаттылық

Аңдатпа

Мақалада химия пәні аясында цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін метапәндік білімді қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Мақала шеңберінде пәнаралық байланысқа негізделген метапәндік мазмұндағы тапсырмалар әзірленіп, олар білім беру үдерісіне жүйелі түрде енгізілді. Пайдаланылған цифрлы технологиялық әдіс-тәсілдер тек метапәндік білімді дамытуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқушылардың теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Цифрлық ресурстар мен виртуалды зертханалар арқылы химия пәнаралық тұрғыда оқытылып, сыни ойлау, зерттеу жүргізу, модельдеу, логикалық талдау сынды жоғары деңгейлі когнитивті дағдыларын дамытып, ғылымға деген қызығушылығын арттыра түседі.

Мақалада тәжірибелер мен қолданбалы мысалдар негізінде метапәндік білімнің оқу үдерісіндегі маңыздылығы жан-жақты ашып көрсетілген. Зерттеу барысында 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша пәнаралық мазмұндағы метапәндік тапсырмалар әзірленіп, олардың цифрлық технологиялармен интеграциялануының өзектілігі мен тиімділігі талданды. Бұл тапсырмалар оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Сонымен қатар, олардың пәнаралық логикалық байланыс орнату, мәселе шешу және шығармашылық ізденіске бейімделу қабілеттерінің артуына ықпал етті. Сабақ үдерісінде цифрлық технологиялармен байытылған метапәндік тапсырмалар жүйелі түрде қолданылып, олардың оқушылардың білім деңгейіне, сыни тұрғыдан ойлау қабілетіне, есте сақтау және оқу мотивациясына оң әсер еткені айқындалды.

 

 

 

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-01

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МЕТАПӘНДІК БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. (2025). ILIM, 45(3), 71-96. https://doi.org/10.47751/