Орта мектеп басқарушыларының қиындықтарын және олардың мәселелерді шешу стратегияларына сапалы зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v44i2.1

Кілт сөздер:

Мектеп әкімшісі, проблеманы шешу, басқару мәселелері, Түркия мектептері, Орта мектеп

Аңдатпа

Бұл зерттеу Түркия Республикасындағы Ұлттық білім министрлігіне қарасты мемлекеттік орта мектептерде жұмыс істейтін директорлар мен директор орынбасарларының кездескен мәселелері мен олардың осы мәселелер бойынша әзірлеген шешімдерін зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмыс феноменологиялық теория негізінде сапалық дизайн бойынша жүргізілді. Зерттеу тобына 2023-2024 оқу жылында қызмет еткен 14 мектептің әкімшілігі қатысты. Деректер жартылай құрылымдық сұхбат арқылы жиналды және контент-талдау арқылы талданды. Зерттеу нәтижесінде мектеп директорлары кездесетін мәселелер негізгі төрт категория бойынша топтастырылды: мұғалімге қатысты, ата-анаға қатысты, оқушыға байланысты және жүйеге қатысты. Қатысушылар барлығы 30 нақты мәселені баяндап, оған қатысты 21 шешу жолын ұсынды. Әсіресе, көмекші қызметкерлердің жоқтығы, физикалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі, бюджет тапшылығы және әкімшілік құзіреттің шектеулі болуы сынды жүйеге қатысты жағдаяттар ең басты мәселе болып отыр. Сонымен қатар, зерттеу мектеп директорлары көп қиындықты жеке басына қатысты жауапкершілік ретінде қарастырып, бірақ құзіретінің шектеулі болуына байланысты оларды шешуде қиындықтарға тап болғаны көрсетеді. Мектеп директорлары мәселелерді шешуде қарым-қатынас орнату, білім беру, бағыт-бағдар беру, жобаларды әзірлеу және жергілікті ресурстарды пайдалану сынды әдістерді қолданғанын түсіндірді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20 - 2025-06-24 жаңартылды

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орта мектеп басқарушыларының қиындықтарын және олардың мәселелерді шешу стратегияларына сапалы зерттеу. (2025). ILIM, 44(2), 8-30. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v44i2.1