Жалпы химия курсында цифрлық зертханалық жұмыстарды қолдану ерекшеліктері

Авторлар

  • Назира Файзуллаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-5656-7442
  • х.ғ.к., профессор Нұрділлаева Раушан Нұрділлаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-9444-737X

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

цифрлық білім беру, цифрлық зертханалық жұмыс, білімгер, тәжірибе, цифрлық платформа

Аңдатпа

Зерттеу жұмысының мақсаты білімгерлердің цифрлық зертхананы пайдалану барысында тәжірибе жұмысын игеруге көмектесетін цифрлық білім беру ресурстарын тиімді құрал ретінде қарастыру. Зерттеуде цифрлық зертханалық жұмыстардың білім алушылардың оқу үлгеріміне, зертханалық жұмыс орындау белсенділігіне және іс-тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға әсері сипатталған. Мақалада цифрлық зертхананың дәстүрлі зертханадан ерекшеліктері көрсетілді. Зерттеу аясында 6В01562-Химия-биология білім беру бағдарламасының 1-курс білімгерлеріне цифрлық зертханалық жұмыстар арқылы сабақ жүргізілді. Зерттеу жұмысына жалпы 41 білім алушы  қатысты. Бақылау және экспериментальды топты қарапайым кездейсоқ таңдау әдіспен іріктеп алынды. Жалпы химия курсында «Ерітінділер» тарауы бойынша Chemistry Lab, Unreal Chemistry интерактивті платформалары арқылы сабақ ұйымдастырылды. Интерактивті цифрлы платформаларда білімгерлер тапсырмаларды орындау арқылы ғылыми ізденістерін арттырды. Іс-тәжірибелік дағдыларын арттыру мақсатында, цифрлық зертхана арқылы білім алушыларға дербес түрде өздігімен жұмыс жасау мүмкіндігі берілді. Платформада орындалған зертханалық жұмыстың реакция теңдеулері арқылы білімгер өз білімін тексеріп сыни тұрғыдан талдау жасады. Цифрлық зертхананың көмегі арқылы білім алушылар цифрлық білім беру ортасына дайын екендігіне көз жеткізілді. Алынған нәтижелер бойынша эксперименттік топ білім алушыларының оқу үлгерімі бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Бағалау нәтижелері бойынша білім алушылардың цифрлық зертханаға қызығушылығы жоғары екендігі көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде цифрлық зертханалық жұмысты  қолдану арқылы  білімгерлердің тәжірибелік дағдылары артатыны көрсетілді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Назира Файзуллаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Факультет естественных наук, кафедра Экологии и химии, магистрант

  • х.ғ.к., профессор Нұрділлаева Раушан Нұрділлаева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    х.ғ.к., профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы

Жарияланды

2025-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жалпы химия курсында цифрлық зертханалық жұмыстарды қолдану ерекшеліктері. (2025). ILIM, 44(2), 57-72. https://doi.org/10.47751/