ЖОО білім алушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін оқытуда медиаресурстарды қолдану
Using Media Resources in Education to Develop University Students’ Critical Thinking Skills
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
сыни ойлау, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары, медиа ресурстар, медиа білім, медиа сауаттылық, кәсіби білімАңдатпа
Бұл мақалада сыни тұрғыдан ойлау (СО) дағдыларын дамыту үшін оқытуда медиа ресурстарды пайдалану мәселесі қарастырылады. Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін бірқатар құзыреттіліктерге, соның ішінде білім алушылардың сыни ойлауын қамтитын «soft skills» шеңберінде болуы қажет. Университеттік білім беру жүйесіне медиа ресурстарды енгізу арқылы студенттердің сыни ойлауын дамытудың тиімді стратегияларын анықтай отырып, медиа білім мен сыни ойлаудың байланысы талқыланады. Көптеген зерттеулер студенттердің сыни ойлауын қалыптастыру және дамыту әдістері мен құралдарына арналған, алайда құрылымдық жеке тапсырмаларды әзірлеу - медиа ресурстармен, медиаконтентпен жұмыс істеудің күрделілік деңгейіне сәйкес тапсырмалар карталарын, нәтижелері бойынша зерттеулер жеткілікті зерделенбеген. Осыған орай, университет студенттерінің сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған құрылымдық көп деңгейлі тапсырмаларды қамтитын ғылыми мақалаларды, цифрлық материалдарды, медиа ресурстарды (бейне-аудио материалдар) сыни талдау стратегияларының топтамасы ұсынылады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың осы стратегияларын қолдану барысында студенттер ақпараттарды, соның ішінде медиа-ресурстардағы деректерді талдау мен бағалауды үйренеді. Зерттеу барысында сыни тұрғыдан ойлаудың келесі дағдылары анықталады: талдау, синтез, себеп-салдар байланысын орнату, дәлелдеу және бағалау. Орыстілді аудиторияға бейімделген Л. Старкидің сыни тұрғыдан ойлау тестін білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауының даму деңгейін бағалау үшін пайдаланылды. Психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқу барысында зерттеуге n=218 студент қатысты. Алынған мәліметтерді математикалық талдау үшін бақылау және эксперименттік топтар арасындағы айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығын анықтаған Крамер-Уэлч тесті қолданылды. Осылайша, медиа ресурстармен жұмыс істеудің ұсынылған стратегияларын пайдалану студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, сонымен қатар университетте студенттердің медиа сауаттылығын қалыптастыруға да ықпал етеді.