Болашақ математика мұғалімдеріне аралас оқытуды ұйымдастыруда stepik платформасын пайдалану
The use of the stepik platform for organizing blended learning for future mathematics teachers
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
Stepik платформасы, болашақ математика мұғалімдері, онлайн курс, аралас оқыту , жаппай ашық онлайн курсАңдатпа
Аралас оқыту дәстүрлі және заманауи әдістерді үйлестіре отырып, білім алу процесін жеңілдетіп, білім беру жүйесін жаңаша ұйымдастырудың тиімді тәсілі ретінде дамып келеді. Болашақ математика мұғалімдеріне арналған кәсіби пәндер бойынша онлайн курстардың тапшылығы, сондай-ақ аралас оқытуды ұйымдастыруда онлайн платформаны таңдау мен қолдану мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін арттырады. Мақаланың мақсаты – болашақ математика мұғалімдеріне арналған онлайн курстарды жасау үшін Stepik платформасының мүмкіндіктерін зерттеп, оны аралас оқытуды ұйымдастыруда тиімді қолданудың тәсілдерін көрсету. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі жүйелік және конструктивті тәсілдерден тұрады. Зерттеу барысында теориялық материалды талдау мен синтездеу әдістері, сондай-ақ аралас оқытудың модельдері мен онлайн курстарды құру технологиясы қолданылды. Мақалада Stepik платформасының мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылып, оның оқытушыларға интерактивті курстар, теориялық материалдар, бейнедәрістер және түрлі практикалық тапсырмаларды қамтитын оқу ресурстарын әзірлеу мүмкіндігі ашылады. Платформаның студенттердің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруға, білімді жүйелеу мен бақылауды жетілдіруге қосатын үлесіне ерекше көңіл бөлінді. Stepik-тің ерекшелігі аралас оқытуды тиімді ұйымдастыра алуында және оқу процесін икемді әрі тиімді етуінде. Зерттеу нәтижесінде болашақ математика мұғалімдері үшін «Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша Stepik платформасында әзірленген курстың мысалдары ұсынылды. Сонымен қатар «Төңкерілген сынып» моделін аралас оқытуды ұйымдастырудағы кезеңдері сипатталды. Олар болашақ математика мұғалімдерінің аралас оқытуды ұйымдастыруда тиімді пайдалануына негіз бола алады.