Құрдастар арасындағы әлімжеттік бойынша мұғалімнің кәсіби дамуындағы виртуалды шындық: көзқарастар мен пікірлер
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
жасанды интеллект, қорқыту, мектептегі зорлық-зомбылық, мұғалімдер, кәсіби даму, виртуалды шындықАңдатпа
Мектепте құрбыларының әлімжеттігіне, яғни зорлық-зомбылығына қарсы іс-қимылдың тиімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі қызметкерлерді дайындау және оқыту сапасы болып табылады. Құрбыларының зорлық-зомбылық, оның ішінде қорлау көріністерімен тиімді күресуге қабілетті мұғалімдерді дайындау оңай мәселе емес. Түрлі зерттеулер мұғалімдердің қорқыту мәселесімен күресуге толық дайын еместігін көрсетеді, сонымен қатар олар біліміне қарамастан практикалық дайындықтың жоқтығын мойындайды. Әртүрлі біліктілікті арттыру курстарының болуына қарамастан, әлі де практикалық бейімділікпен оқыту және мұғалімдерге араласу дағдыларын меңгеруге және әрекет етудің нақты стратегияларын әзірлеуге көмектесетін практикамен біріктірілген курстар мен іс-шараларға қажеттілік әлі де бар. Мақаланың мақсаты - құрбы-құрдастарының қорлауын болдырмау және алдын алу бағытында мұғалімдерді неғұрлым хабардар ету мен кәсіби дамыту қажеттілігін көрсету және негіздеу, ең алдымен оларға тиісті тәжірибе беру. Екіншіден, оқыту дағдыларының жаңа әдістерін ұсынатын виртуалды шындықты (VR) осы мақсатта пайдалану мүмкіндігі талқыланады.