Болашақ Түрік тілі мұғалімдерінің сыни тұрғыда оқудың өзіндік тиімділігін қабылдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v41i3.2

Кілт сөздер:

Сыни тұрғыда ойлау, оқуды үйрету, түрік тілін оқыту, түрік тілін үйрету, 21 ғасыр дағдылары

Аңдатпа

Сыни тұрғыда оқу – оқылған мәтінге сұрақ қоюды және мәтінге сын көзбен қарауды қажет ететін оқу әдісі. Сыни тұрғыда оқуды орындау үшін алдымен сыни тұрғыда ойлау қабілеті болуы керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері 21 ғасырда кез келген адам меңгеруі тиіс дағдылардың қатарына жатады. Дерек көздері әртараптандырылған осы ғасырда сыни оқу дағдыларына ие болу оқығанымыздан дәл және терең мағына алу үшін маңызды. Бұл зерттеудің мақсаты Түркиядағы мемлекеттік университетте түрік тілін оқыту бағдарламасы бойынша оқитын болашақ түрік тілі мұғалімдерінің жалпы сыни оқудың өзіндік тиімділігін қабылдауын анықтау, бұл қабылдаудың гендерлік және сыни тұрғыда оқу дәрісін алып-алмағанына байланысты өзгеріп-өзгермейтінін зерделеу. Зерттеу сандық зерттеу үлгісі негізінде құрастырылған. Зерттеу реляциялық сканерлеу әдісімен жүргізілді. Зерттеудің барысында аталған оқу бағдарламасында оқитын болашақ түрік мұғалімінің барлығы қамтылса, іріктеу мақсатты таңдау әдісімен таңдалған 3-курста оқитын 26 әйел мен 26 еркек 52 болашақ түрік мұғалімінен тұрады. Түрік тілі мұғалімін даярлау бағдарламасында оқуды үйрету мен сыни тұрғыда оқуды үйрету пәндерінің 3-курста жүргізілетіндігі үлгіні анықтауда тиімді болды. Деректерді жинау үшін сыни тұрғыда оқудың өзіндік тиімділігін қабылдау шкаласы қолданылды. Жасалған қалыпты таралу сынағы нәтижесінде қалыпты таралғаны анықталған деректерді талдау үшін тәуелсіз t-тест қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ түрік тілі мұғалімідерінің сыни тұрғыда оқуда өзіндік тиімділігін қабылдауы жоғары деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, гендерлік және сыни тұрғыда оқу дәрістерін алып-алмағаны болашақ түрік тілі мұғалімінің сыни тұрғыда оқудың өзіндік тиімділігін қабылдауына айтарлықтай әсер етпейтіні байқалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Болашақ Түрік тілі мұғалімдерінің сыни тұрғыда оқудың өзіндік тиімділігін қабылдауы. (2024). ILIM, 41(3), 21-33. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v41i3.2