Мәтіндік және стандартты емес есептерді шешу әдістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v41i3.3

Кілт сөздер:

математика, мәтінді есеп, стандартты емес тапсырма, әдіс, бастауыш сынып, бағалау

Аңдатпа

Бастауышта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі – логикалық ойлауды дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыруда мәтіндік және стандартты емес есептердің орны ерекше. Бұндай есептерді шығаруды меңгерту арқылы, оқушының бойында жаңашылдыққа қарай ізденіс, өзіндік көзқарас, табандылық сынды қасиеттерді қалыптастырамыз. Мақалада бастауыш математика курсында кездесетін мәтіндік және стандартты емес есептер және шешу жолдары, критериалды бағалау технологиясы қарастырылды. «Мәтіндік есеп», «стандартты емес есеп» ұғымдарына анықтама берілді. Бұл мақалада оқушылардың математика сабақтарындағы оқу жетістіктерін критериалды бағалау әдістемесі ұсынылды.  Бұл технологияның ерекшелігі – тапсырманы шешу кезінде білім алушылар дескрипторлар жасайды, олар кейіннен формативті және жиынтық бағалауда қолданылады. Әрбір дескриптор мәселені шешетін алгоритмдегі қадам болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің мәтіндік есептерді шешуде әртүрлі әдістерді пайдалануына, баланың стандартты емес идеяларын байқау мен қолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылады. Мәселені шешудің басқа да әдісін табу әдетін қалптастыру, мәселені шешудің әртүрлі жолдары мен тәсілдерін қолдана білу қабілеті оқушының болашақ жұмысында, ғылыми және шығармашылық қызметінде үлкен рөл атқарады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мәтінді және стандартты емес тапсырмалардың шешімін табуға арналған негізгі ұсыныстар әзірленді. Математика сабақтарында критериалды бағалау жүйесін қолданудың артықшылықтары айқындалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мәтіндік және стандартты емес есептерді шешу әдістері. (2024). ILIM, 41(3), 34-49. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v41i3.3