Әлеуметтік жобалау технологиясы негізінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
әлеуметтік жобалау, технология, көшбасшы, студент, дамытуАңдатпа
Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың әлеуметтік жобалау технологиясын қолдана отырып, жоғары оқу орны студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыту ұғымына берілген анықтамалары талданған, автор бұл ұғымды өзінше түсіндірген, оның анықтамасын нақтылаған. Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, ЖОО оқытушыларының тәжірибесін және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің жұмысын талдау нәтижесінде әлеуметтік жобалау технологиясын қолдана отырып, университет студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытудың педагогикалық моделі құрылған. Теориялық материалды зерттей отырып, автор «көшбасшылық», «оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту», «көшбасшылықты дамыту үдерісін әлеуметтік жобалау», «әлеуметтік жобалау технологиялары» ұғымдарын нақтылаған. Мақалада әлеуметтік жобалау технологиясын көптеген зерттеушілер қарастырғаны және оған анықтама бергені көрсетіледі. Әлеуметтік жобалау - бұл адамның, топтың немесе ұйымның әлеуметтік ортаны және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әрекетін құру процесі. Автор ғалымның бұл пікірімен келіседі. Мақалада әлеуметтік жобалау технологиясын қолдана отырып, университет студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытудың әдістемесі жасалған. Арнайы курс ұсынылған. Сонымен қатар педагогикалық эксперименттің нәтижелері ұсынылған, сапалы және сандық өңдеу жасалған.