Биологияны бейіндік оқытудағы тиімді әдістердің пәнге қызығушылықты арттырудағы әсері
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
бейінді оқыту, білім сапасы , тәжірибе, биология, мектептегі білім, жаңа оқыту технологияларыАңдатпа
Мақалада биология пәнін бейінді оқытудың артықшылықтары қарастырылған. Бейінді оқыту мектеп оқушыларынан кәсіби құзертті тұлға қалыптасуына барынша ықпал ететін және олардың болашақ маманды дұрыс таңдауына әсер ететін осы күнгі білім берудегі маңызды тәсілдердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда, биология саласындағы білікті мамандарға деген қажеттілік жоғары. Алайда, оқушылардың бұрыннан қалыптасып қалған, өзгермеген оқыту әдістермен білім алуы кәсіби құзіреттіліктіктерінің жеткілікті деңгейде дамуына кедергілер туғызып отыр. Сондықтанда, биологияны бейіндік оқыту мүмкіндігін дамыту үшін бейіндік оқытудың қолданыстағы әдістеріне талдау жүргізу, тиімділігін бағалау, бейіндік оқыту қолжетімділігін кеңейту немесе сапасын арттыруды жүзеге асыру білім алушылардың осы саладағы білімі мен дағдыларын кеңейтуге бағытталған тиімді оқыту тәсілдерін қолданғанда ғана қол жеткізіледі. Зерттеу тақырыбына сай жұмыста Қазақстанның жоғары сынып білім алушыларына биология пәнін бейінді оқыту қаншалықты іс жүзінде жүзеге асатынын зерделенді, бейінді оқытудың тиімділігі бағаланып, зерттеу нәтижесі талданды. Зерттеуге Шымкент қаласы, “Білім-инновация” қыз балалар №2 лицей-интернатының 10 «а» сыныбының оқушылары қатысты. Білім алушылардың биология пәніне деген қызығушылығы сауалнама арқылы анықталды. Оқушылардың 44,4%-ы «өте қызықты», 29,6%-ы «оқуға болады», 7,4%-ы «жауап беруге қиналамын», және 11,1%-ы «мүлде қызық емес» деген жауап берді. Зерттеу нәтижесі әрі қарай білім алушылардың қызығушылығын жеке ескере отырып, арнайы оқыту әдістерін дербес қолдануды таңдау қажеттігін айқындады. Осыған орай, әрбір оқушының деңгейіне сай саралап дербес тапсырмалар берілуі тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Яғни, зерттеу нәтижесінде, зерттеуге қатысқан 10а сыныбының екінші тоқсандағы үлгерім көрсеткіші 78,4 %-дан үшінші тоқсанда 82,6%-ға артты. Бұл биология сабағына зерек немесе пәнге деген қызығушылығы төмен білім алушыларға әртүрлі жаңа оқыту әдістерінің мысалы; Stem, Smart, CLIL оқыту әдістерінің тапсырмаларын деңгейлерге сай саралап қолданғанда немесе білім алушыларға күнделікті тіршілікпен байланысты зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру, топқа бөлу арқылы тақырып бойынша постер қорғау сияқты әдістерді пайдаланғанда ғана мүмкін болды.