ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.47751/Кілт сөздер:
зерттеу сабақтары, шығармашылық, эксперименттік жұмыс, зерттеу кезеңдері, гипотеза, мотивация.Аңдатпа
Қазіргі таңда, мектепте оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдас-тыру оқыту процесінің танымал түрі және оқушылардың өмірге деген өзіндік шығармашылық көзқарасын дамытудың қажетті құралы болып саналады. Білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі-жаңа іздену әдістерін білетін, туындаған мәселені шешуге шығармашылықпен қарай алатын, өз бетінше ізденіп,білімін толықтыра алатын зерттеуші-оқушы тәрбиелеу.Бұл мақалада химия сабақтарында оқушылардың зерттеу әрекеттерін қалыптастыруға, шығармашылық ойлауды дамытуға,ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуға қызығушылығын арттыруға арналған пайдалы бірнеше оқыту технологиясы қарастырылады. Атап айтқанда,зерттеу сабақтарын ұйымдастыру,зерттеу элементтері бар сабақтарды жүзеге асыру,проблемалық жағдаят туғызу, жобалық оқыту технологиясы мен ғылыми іс-шараларға қатыстыру. Химия сабақтарында зерттеу технологияларын қолдану оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға,шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға көмектеседі. Көптеген мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер оқытуда зерттеу әрекетін ұйымдастырудың артықшылығы ретінде–оқушылардың өзін өзі қалыптастыруға (автономизация), коммуникативтік, ақпаратпен жұмыс істей алу қабілетін дамытуға тікелей әсер ететіндігін,тәрбиелік маңыздылығын растайды. Яғни, зерттеу жұмыстарының басты мақсаты–үлкен ғылымдағыдай жаңа нәтиже алу емес, керісінше, оқушыны шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Ғылымда зерттеушілік іс-әрекеттің мақсаты жаңа нәтиже шығару болса, білім беру процесінде зерттеушілік іс-әрекеттің көздеген мақсаты оқушылардың шығармашылық,зерттеушілік дағдыларын дамыту болып саналады.