БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

проблемалық оқыту технологиясы, таным, коммуникативтілік, проблемалық жағдаят, аналитикалық-синтетикалық әдіс.

Аңдатпа

  Мақалада проблемалық оқытудың тиімділігі және оларды биология сабақтарында қолданудың ұтымдылығы көрсетілген. Қазіргі таңда мектеп жеткіншектерінің білімді де білікті болуында проблемалық оқыту әдісінің алатын орны ерекше екені белгілі. Жаңа білім беру технологияларын биология сабақтарында қолдану, оқушының шығармашылығының дамуына, білімін өмірде пайдалана және меңгеру дағдыларының қалыптасуына әкелетіндігі қарастырылған. Биология сабақтарында проблемалық оқыту элементтерін пайдалану оң үрдіске ие. Оқушылардың танымдық өз бетінше әрекет ету дағдылары және оқу міндеттерін стандартты емес, шығармашылықпен шешу қабілеті қалыптасады. Мақалада биология сабақтарында проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану мысалдары келтірілген.Мақалада биология сабақтарында проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану мысалдары келтірілген. Бұл мақалада проблемалық оқыту технологиясын қолданудың қазіргі білім беру тәжірибесі үшін өзектілігі көрсетілген. Мақалада сонымен қатар биология сабағында проблемалық тапсырмалардың көмегімен оқу мәселесін шешудің кезеңі жан-жақты қарастырылған. Зерттеу жұмысының мақсаты - оқушылардың танымдық, коммуникативті, практикалық, шығармашылық іс-әрекетін дамытуға, оқушының жеке басының қалыптасуына, мектеп түлектерінің практикалық мәселелерді шешу үшін үйренген білімдерін нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға дайын болуына ықпал ететін проблемалық оқыту технологиясының тиімділігін көрсету.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (2023). ILIM, 35(1), 75-85. https://doi.org/10.47751/