PBL және CLIL технологияларын қолдана отырып биологияны қостілді оқытудың тиімділгін арттырудағы жаңа тәсілдер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

жобалық оқыту, зерттеу негізінде жүзеге асыру, пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту, Выгоцкийдің өнімділік формуласы, CLIL-Воркаут, мұғалімнің практикалық нұсқаулары, билингвалды оқыту.

Аңдатпа

  Мақалада PBL және CLIL сияқты жаңаша дәстүрлі емес оқыту технологияларын қазіргі білім беру шарттары, өнімділікті арттыру мүмкіндіктері және оқушылардың қызығушылықтарына орай оқу процесіне енгізудің тиімділігі көрсетілген. Зерттеу барысында инновациялық әдістерді оқыту мен жетістіктерді бағалауда жаңашылдықты қажет ететін билингвалды оқытылатын сыныптарға енгізуге басты назар аударылды. Биология мен экология бағыттарының өзекті мәселелерін қарастыру мен практикалық қолданудағы жаңа технологиялар білім алушылардың нақты ғылым бағыттарындағы мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, оқыту процесін өз бетінше жүргізуге ынталандырады. Сонымен бірге, мақалада PBL бойынша белгілі тақырыпқа арналған нәтижелерді бағалаудың жаңа критерийлары құрастырылып, олар дәстүрлі емес инновациялық тәсілдерді қолдану барысында білім алушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік берген. Аталған мүмкіндіктер биология, биотехнология және экология бағыттарында билингвалды оқытуға арналуда ұсыныстық мазмұн тасымалдайтын құрал болып келеді. Тәжірибелік топтарда PBL өнімі ретінде «Drinking water resources in the southern region of Kazakhstan» атты өзекті практикалық маңызы бар тақырып ұсынылған. Сонымен бірге, тәжірибелер барысында CLIL технологиясын қолдануда өз бетінше оқу деңгейін анықтайтын әдістер ұсынылды: ым-ишара анимациясы, көрнекі құралдар мен реквизиттерді пайдалану, сүйемелдеу құралдарын енгізу, зерттеу және анимация. 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

PBL және CLIL технологияларын қолдана отырып биологияны қостілді оқытудың тиімділгін арттырудағы жаңа тәсілдер. (2022). ILIM, 34(4), 61-72. https://doi.org/10.47751/