Ашық қолжетімділік саясаты
ILIM – ашық қолжетімді журнал. Оның барлық мазмұны жеке тұлға болсын, ұйым болсын, кез келген пайдаланушы үшін ақысыз және ашық қолжетімді. Бұл әлемдік ғылыми қауымдастық ауқымында журналға кеңірек ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Редакция бұл ережелерді Будапешт ашық қолжетімділік бастамасының (2002) талаптарына сәйкес ұстанады.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы шығарылымының электрондық нұсқаларымен және өткен кезеңдердегі мұрағаттармен таныса алады. Журналдың электронды түрдегі барлық жарияланымдары Creative Commons Attribution License (CC BY-NC 4.0) лицензиясы талаптарында тегін және шектеусіз таратылады.
Кез келген оқырман журнал мен сайтта жарияланған ғылыми мақалаларды оқуына, жүктеп алуына, таратуына, сондай-ақ, білім беру үдерісі мен зерттеу жұмыстары кезінде автордың алдын ала рұқсатынсыз дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдалануына рұқсат етіледі.
Автор(лар) журналдың шығарушысына мақаланы жариялауға және оны Интернет жүйесінде ашық қолжетімді етіп орналастыруға тегін құқық береді.
Сондай-ақ, журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті ақпарат ұсынылған: жариялау шарттары, қолжазбаларды ресімдеу және журналға ұсыну Ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакция алқасы туралы мәліметтер, ғылыми редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері.