Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұраларының теориялық негізі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0025

Кілт сөздер:

тілді оқыту әдістемесі, әдіскер, ғалым, ұлт жанашыры.

Аңдатпа

Мақаланың авторы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдарындағы қазақ қоғамының саяси, мәдени өміріндегі орны айрықша ірі тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі жайында ақпаратымен бөліседі. Ахмет Байтұрсынұлы халқының өз тұсындағы рухани көсемі, өз сөзімен айтқанда «адалдықтың тұқымын себуші» парасатты перзенті. Ол бүгінгі тұста тұтас бір институттың немесе ондаған авторлар ұжымының жұмысын бір өзі істеген еңбек иесі. Атап айтсақ Ахмет Байтұрсынұлы – сол кезеңдегі алты миллион қазаққа ұлттық жазу жасап берген реформатор, қазақ балаларының ана тілдерінде оқуына күш салған қоғам қайраткері, ұлттық мектептерде балалардың қазақ тілінде сауатын аштыратын «Әліпбилердің», әрі қарай оқытатын оқулықтардың авторы, ұлттық ғылым саласы – қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым; қазақ әдебиеттану теориясын тұңғыш ұсынушы филолог-ғалым, халқының мәдениет тарихын зерттеуші – тұңғыш мәдениеттанушы ғалым, ана тілін оқыту әдістемесін жаңа сипатта ұсынушы жаңашыл-педагог, осы күнгі ұлттық академиямыздың іргетасын қалап, Қазақ ғылымын ұйымдастыру- шылардың бірі, қазақ тілі мен әдебиетінің тұңғыш профессорларының бірі. Осы атаулардың негізгісі – қазақ сөзінің құдіретін танытқан сөз зергері, қазақ тілінің көшбастаушысы, қазақ тіл білімінің жанашыры.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұраларының теориялық негізі. (2021). ILIM, 27(1), 38-45. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0025