Өзге тілді оқушылардың этномәдени құзіреттілігін қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0022Кілт сөздер:
этномәдениет, өзге тілді аудитория, құзыреттілік, бесік, ұлт.Аңдатпа
Мақаланың авторы қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі оқушылардың этномәдени құзіреттілігін қалыптастыру жайын қозғайды. Мәдениет ұғымын сөз етіп, Конның мәдениетті типтендіруі жайлы талдайды. Этномәдениет ұғымының мағынасын ашып, баланың дамуы мен тәрбиесіндегі алатын орнын анықтайды. Этномәдениет – ол белгілі бір ұлттың өзіндік мәдениеті, дәстүрі, халықтық ерекшеліктері. Ол ұлттың тыныс-тіршілігін, абыройын, көтерілген биігін, қолындағы жетістігін, сана-сезімі мен қалыптасу тарихын білдіреді. Мақалада этномәдени білім берудің негізгі міндеттері мен оны оқытудың біраз тиімді жолдарын қарастырады. Құзыреттілік ұғымына жеке тоқталып, оқушылар арасындағы жоғарғы этномәдени құзіреттілікке ие болу жолын түсіндіреді. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі оқушылардың этномәдени құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін диагностикалаудағы критерийлер мен көрсеткіштерді ұсынады. Қазақ тілі сабағында этномәдени құзіреттілікті қалыптастыру жолын айтады. Қазақ халқының этномәдениетін өзге тілді аудиторияға түсіндіру барысында қиындықтар тумас үшін, қазақ халқының киелі «бесік» ұғымымен салғастыра талдау жүргізеді. Бесікті мысалға ала отырып, оны орыс, неміс халықтарының ұғымымен салыстырады. Өзге тілді аудиторияға қазақ бесігінің мәнін толықтай ашып түсіндіру барысында түрлі салыстырулар келтіріп, оқушы бойына өз мәдениетін сақтай отыра, қазақ елінің мәдениетіне құрметпен қарауды үйретеді.