Серік Әбікенұлы шығармашылығындағы деректі проза жанры және оны оқыту әдістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0029

Кілт сөздер:

деректі проза жанры, прозаны оқыту, тарихи шындық, стильдік ерекшелік, әдебиет теориясы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Аңдатпа

Мақалада Серік Әбікенұлының деректі проза жанрында жазылған шығармалары, сюжеттік желідегі оқиғалардың өткен уақыты, кейіпкерлер, топонимикалық атаулардың тарихи шындыққа сәйкестігі және оны оқытудың мәселелері қарастырылған. Мақала авторы көркемдік шешім мен өмір шындығын дәлелді көрсетуде роман жанрын зерттеуші ғалымдардың сыни пікірлеріне сүйенген. Шығармаларды талдауда оқиға орны, уақыты, кейіпкерлердің өмірде болғандығы басқа ғалымдар мен жазушылардың шығармаларынан мысал келтіре отырып дәлелдейді. XX ғасыр басындағы қазақ жеріндегі саяси оқиғаларға байланысты тепкі көрген, ұлт үшін күрескен, ел қорғап көмусіз қалған есімі беймәлім батырларын, қазақ даласының құпияға толы аңыздарын, ру аттарын, тарихи тұлғаларын қайта жаңғыртудағы С.Әбікенұлы деректі прозасының алатын орны, тарихи сананы қалыптастырудағы өткеннің тағылымын танып білудегі рөлі баяндалады. Сондай-ақ заманнан заман өтсе де ескірмейтін, мәні жоғалмайтын шындықтар болатыны, оларды еске салып отыру, сол арқылы халық санасын сергек ұстау – әдебиеттің биік парызы екендігі жайында ой қозғалады. Тарихи деректерге сүйенген көркем шығарманы оқыту – білім алушының тарихи танымы мен ұлттық болмысының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан, мақалада көркем әдебиетті талдаумен қатар, оны оқытудың әдістері көрсетіледі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серік Әбікенұлы шығармашылығындағы деректі проза жанры және оны оқыту әдістері. (2021). ILIM, 27(1), 76-84. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0029