СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫНЫҢ “ОМАР ТӨРЕ” ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ Авторлар
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0016Кілт сөздер:
деректі проза жанры, тарихи шындық, стильдік ерекшелік, әдебиет теориясы, прозаны оқыту, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.Аңдатпа
Мақалада Серік Әбікенұлының деректі проза жанрында жазылған шығармаларының мазмұны, идеясы мен өзара байланысына, ондағы тарихи деректер мен кезеңдерге шолу жасалған. Автор «Омар төре» шығармасындағы детальдар мен жазушы ойының көркемдігін талдай келе, осы шығарманы оқытудағы тиімді әдіс тәсілдер мен соған орай қолдануға болатын тапсырмалар жиынтығына тоқталған. Сондай-ақ мақалада тарихи тұлғалар мен оқиғалардың көркемдік шешіммен жинақтала бейнеленуі, кейіпкерлерді даралау мен мінездеудің психологиялық ерекшеліктері дәйектелген. Тарихи шығарма тудыру үшін жазушылық талант аздық ететіні, суреткердің аса бай білім қоры мен ғұмырлық тәжірибенің болуы қажеттігі баяндалған. Оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы жеке тұлғаның дамуында деректі проза жанрдағы шығармалармен дұрыс жұмыс істей білудің маңызы зор екеніне назар аудартады.